Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін пәтер саны артуда

Oinet.kz 03-07-2023 265

Шымкент қаласында биыл жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында 324 арендалық пәтер беру жоспарланған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бұл көпқабатты тұрғын үйде орналасқан арендалық пәтерлер тұрғын үй кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасыларға, сонымен қатар жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге берілмек. Ал  888 пәтерді жұмыс істеп жүрген жастарға беру көзделген. 

Screenshot_1.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие екеніне тоқталған болатын. «Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді. Жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп» дейді Президент. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда қалада құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінгі таңда құрылыс саласында қарқын бар. Оған мемлекет тарапынан бөлініп жатқан бағдарламалар да өзінің оң әсерін тигізуде, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әртүрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда бұл бойынша қала әкімдігі тарапынан тиісті мекемеге ұсыныс беріліп, жұмыстар атқарылуда екен. Осылайша биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын пәтер саны арта түспек. 

- Баспана әрбір адамның арманы. Бүгінде мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар ел азаматтарының баспаналы болуына жол ашуда. Әсіресе, жастарды қолжетімді баспанамен қамту – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып отыр. Қазірдің өзінде несиемен қамтылып баспаналы болып жатқан отбасылар қаламызда аз емес. Мәселен, биыл «Отбасы банк» арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып, қазір 973 азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде «5-20-25» бағдарламасы бойынша 609 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша - 293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы аясында – 71 пәтер беріліп, қала азаматтары қоныс тойын жасап үлгерді, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Около 450 шымкентцев получат безвозмездный грант на развитие своего дел
Шымкент қаласында 40 жыл күрделі жөндеу көрмеген емханада жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу