Шымкент қаласындағы №65 мектеп-гимназиясы қасынан жаңа оқу корпусы соғылуда

Oinet.kz 04-07-2023 126

Шымкент қаласында білім нысандары бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жетерлік. Қазіргі таңда бірқатар мектептер күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатса, енді бірінің қасынан қосымша жапсарлас оқу ғимараттары тұрғызылуда. Сондай құрылыс жұмысының бірі – Сайрам шағын ауданында орналасқан №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясына жүргізілуде. 

Screenshot_5.jpg

 Жаңа оқу жылында мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу ғимаратымен қуанту мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының жанынан қосымша оқу корпусының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қазіргі таңда 1251 орынға арналған №65 мектепте 3567 оқушы білім алуда. 600 орынға арналған қосымша оқу корпусын салудағы негізгі міндет - оқудың бірінші сатысындағы оқушылар үшін оқу орындарының санын көбейту.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады» деп білім саласының маңыздылығына тоқталған еді. Сондай-ақ «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деген Президент мектеп құрылысының жұмысын жандандыруды жергілікті жерлердегі әкімдерге тапсырды. Бүгінгі таңда ондаған білім ошақтарында күрделі жндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі осы мектеп-гимназиясы, - деп біздің «Сайрам шағын ауданында орналасқан жаңа оқу ғимаратының құрылысы қалай жүріп жатыр?» қойған сұрағымызға қала әкім Мұрат Әйтенов жауап берген еді. 

Қала әкімінің айтуынша, жалпы алаңы 5 мың шаршы метрді құрайтын құрылыс жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр екен. Ғимарат үш қабатты, 2 блоктан тұрады, мұнда 0-4 сынып оқушылары оқытылады деп күтілуде. Жалпы оқу ғимаратында 25 оқу сыныбы бар, сыныптар 24 оқушыға шақталған. Мектептің бастауыш сынып бөлігінде  50 педагог сабақ беретін болады. Оқушыларға арналған 220 орындық асхана және спортзал жұмыс істейді. Сонымен бірге нысанның үшінші қабатында 16 оқу және 3 компьютер орны бар 10 мың кітап қорына арналған кітапхана, шахмат клубы қарастырылған.

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыс ауқымды
Шымкент қаласында жұмысшылар құқығы заңмен қорғалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу