Шымкент қаласында жұмысшылар құқығы заңмен қорғалған

Oinet.kz 04-07-2023 180

Шымкент қаласында жыл басынан бері Шымкент қалалық Еңбек инспекциясы басқармасын шаһар тұрғындарынан 730 арыз түсіп, қаралыпты. Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың айтуынша, түскен арыз-өтініштер бойынша  114 тексеру жүргізіліп, 167 құқық бұзушылық анықталған. Атап айтсақ, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 145, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 22 жағдай тіркелген.  

Screenshot_6.jpg

Жалақының уақтылы төленуі бойынша осы жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен 1024 жұмыскердің құқығы қорғалып, 42 кәсіпорындағы 945 жұмыскердің 454,3 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарызы өтелді. Қазіргі таңда 2 кәсіпорынның 72 қызметкеріне берешек 8.5 миллион теңгені құрайтын жалақыны өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде,  – деді Бауыржан Ахметәліұлы.

Сондай-ақ ол еңбек заңнамасының,  ұжымдық-шарттық қатынастардың сақталуы, өндірістік қауіпсіздікті сақтау жайына да тоқталмай кетпеді. Атап айтқанда, Шымкент қаласында барлығы 3848 кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл соңына дейін, электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 100 пайыз барлық деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілер тіркелуі тиіс. Жылдың  ІІ-тоқсанына 50 пайыз кәсіпорын жүйеге тіркелу межеленген болса, 16 273 кәсіпорында 230 221 еңбек шарты жүйеге енгізіліп,  жоспар 64 пайызға орындалған.

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан қала аумағындағы еңбек ұжымдарында еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл басынан бері еңбек заңнамасын барынша  насихаттау және ірі, орта кәсіпорындардың еңбек ұжымдарындағы ахуалды мониторингтеу мақсатында 59 кәсіпорын мен ұйымдарда арнайы семинар-кеңестер ұйымдастырылып, жұмыскерлердің еңбек құқықтары оларға жан-жақты түсіндірілген. 

Бүгінгі таңда «Алаш» базары жанындағы жолаушылар өткелін салып жатқан «Респект-Қазығұрт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыскерлерімен арнайы кездесу өткізіліп, құрылысшыларға өздерінің еңбек құқықтары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, осы жылы басқарма тарапынан 2 рет брифинг,  4 рет бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сұхбаттар берілді. Сондай-ақ 68 әлеуметтік желідегі ресми парақшаларға арнайы материалдар орналастырылды, - дейді Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов. 

Шымкент қаласындағы №65 мектеп-гимназиясы қасынан жаңа оқу корпусы соғылуда
Шымкент қаласында грант иегерлері өз кәсіптерін ашып, жұмыс орындарын құруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу