Шымкент қаласында су жиналу қаупі бар арық-атыздар тазалануда

Oinet.kz 27-07-2023 162

Шымкент қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар, оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады. Соның ішінде су тасқынын болдырмау үшін тиісті жұмыстар да атқарылуда.

Screenshot_15.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қала аумағында көктем және күз айларында жауын-шашын кезінде су жиналу қаупі бар 58 орын бар екен. Бүгінгі таңда 24 орынға арық-атыздар салынып жатыр. 

- Бұл мәселе жуырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралған болатын. Онда алдағы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Үкімет басшысы биылғы көктем оңай болмағанын, сондықтан су басу қаупінің алдын алу үшін екі апта ішінде халықты су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды және тасқынға дайындық барысын бақылау қажеттігін атап өтті. Шымкент қаласына келсек, осы жылдың көктем айларындағы жауын-шашын мезгілінде жалпы қала аумағынан су жиналу қаупі бар  58 орын анықталып, қазір 24 орынға ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы 339 шақырымды құрайтын 2 өзен мен 34 каналдың жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, арналар қоқыстан тазартылуда. Алдағы уақытта қалған су басу қаупі бар көшелер мен аумақтар да арнайы техникалармен жабдықталып, тұрғындардың қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау жалғасатын болады, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру үшін «Ақжар» су қоймасының күрделі жөндеу жұмыстарына биыл жобалық-сметалық құжат әзірленіп, оның құрылыс жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарланып отыр.   

Жалпы қала аумағында «2021-2023 жылдардағы су тасқынына қарсы іс-шаралар» жол картасы бойынша қала аумағындағы су шаю қаупі бар 6 елді мекенді, атап айтқанда Жыланбұзған, Маятас, Тоғыс, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан ағып өтетін «Бадам» өзенінің арнасын бекіту және нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

- Қаланың қауіпсіздігін арттыру бүгінгі таңда біздің алдымызға қойылған басты міндеттің бірі. Осы ретте тиісті жобалар қолға алынып, қала аумағындағы өзен мен каналдардың арналарын тазарту, арық-атыздардың көзін ашу, жаңа иррегациялық жүйелер салу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында жылына 500 миллион бөтелке алкогольсіз сусын шығаратын зауыт салынады
Шымкентте қалалық әкімдікке қарасты басқармаларда сыбайластық бойынша ішкі талдау жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу