Шымкентте қалалық әкімдікке қарасты басқармаларда сыбайластық бойынша ішкі талдау жүргізілді

Oinet.kz 27-07-2023 182

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мемлекеттік басқармаларда тұрақты ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргіліліп келеді. Соның ішінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін және қызмет көрсету ауқымы кең бірден-бір басқарма.

Screenshot_16.jpg

Бұл басқарма жуырда «Зияткер-Ұстаз» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып жиын өткізді. 

«Зияткер-Ұстаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмір Шыныбекұлының айтуынша, әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу мақсатында таяуда ішкі талдау жұмыстары жүргізіліпті. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық пен мүдделер қақтығысына жол беретін фактілер анықталмаған. 

Бұл туралы бүгін ішкі талдау нәтижелері бойынша арнайы ұйымдастырылған жиналыс барысында мәлім болды. Бірлестігінің төрағасы Өмір Шыныбекұлы бірінші кезекте әлеуметтік сала мамандарына азаматтармен жұмыс жүргізгенде  барынша кішіпейілділік танытып, жылы қарым-қатынас орнату керектігін атап өтті. 

– Әлеуметтік саланың жұмысы ауыр екендігін түсінеміз. Бірақ, осы саланы таңдаған соң қиындығына шыдап, жоғары деңгейде қызмет көрсету басты міндеттеріңіз. Мамандар алдына келген әр адамға жылы сөйлеп, дұрыс бағыт-бағдар берулерін бақылауға алсаңыздар, – деді қоғам белсендісі Өмірбек Шыныбекұлы. 

Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесуге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Басқарма басшысының орынбасары Көпжан Тұрлыбеков барлық ұсыныстар назарға алынып,  алдағы уақытта артық құжаттарды талап ету немесе қызмет көрсетуде дәлелсіз бас тарту сынды түрлі құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу жұмыстары қатаң бақылауда болатындығын атап өтті.  Жалпы, әлеуметтік саланың қызмет көрсету ауқымы өте кең. Басқармаға қарасты жалпы 16 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, басқарманың өзінде халықпен етене жұмыс істейтін бөлімдер мен әр ауданда «Еңбек мобильділігі» орталығының «Мансаптық» орталықтары халыққа қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласында су жиналу қаупі бар арық-атыздар тазалануда
Шымкент қаласындағы «Бәйдібек би-Арғынбеков» үшдеңгейлі жолайрығы кезең-кезеңмен ашылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу