Шымкент қаласында Тұран көшелеріне шағал тас төселуде

Oinet.kz 30-07-2023 130

Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың  тұрғындарымен кездесуі барысында жиі көтерілетін маңызды мәселенің бірі — жолдарды жөндеу, асфальттау және шағал тас төсеу.

Screenshot_21.jpg

Осы орайда, тұрғындардың көтерген мәселесі дер кезінде қолға алынып, Тұран шағынауданында 50 мың шаршыметрге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 35 мың шаршыметрге шағалтас төсеу толық орындалса, 15 мың шаршыметрге шағал тас төсеу жұмыстары жалғасуда. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елді мекендерді таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамту мәселесін алдымызға қойып отыр. Соның ішінде Президентіміз ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Біз бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар қалада тиісті деңгейде атқарылуда. Дегенмен тұрғындар тарапынан жолға қатысты көп сын айтылады. Біз ол қолайсыздықты жою мақсатында жаңа жобаларды қабылдап, жаңаша бағыта жұмыс істеуді қолға алдық. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда қанағаттанарлық автомобиль жолымен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қаладағы жолдардағы көлік сыйымдылығы мен жүктемесін арттыру, алдағы уақытта көлік кептелісін болдырмау мақсатында құрылыс жұмыстары жобаға сәйкес жүзеге асырылуда, - дейді қала әкімі.

Бүгінде шағын ауданда 40-тан астам көше орналасқан. Оның 20-дан астам көшесі асфальтталса, 10-ға жуық көшесіне шағал тас төсеу жоспарлануда. Жалпы аудан аумағында ағымдағы жылы 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылмақ.

Аталған жұмыстар «Бозарық» саяжайында 7 көшеге, Шапағат шағын ауданында Бике қоңыр, Желдіқара, Мирас көшелері, Тассай тұрғын алабында Көкбөрі, Шолпан, Көкпекті, Көкпар, Кеңтарал (жалғасы), Еділ қаған, Мөде қаған және атауы жоқ 7 көшеге, Тұран шағынауданындағы №26 көшеге, Ойқараған, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Дәуір және атауы жоқ 11 көшеге жүргізілетін болады.

Шымкент қаласында төрт елдімекенді инфрақұрылыммен қамту үшін құжаты дайындалды
Шымкент қаласында жаңа оқушылар сарайында ашық есік күні өткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу