Шымкент қаласында жаңа оқушылар сарайында ашық есік күні өткізілді

Oinet.kz 30-07-2023 156

Шымкент қаласының Арғынбеков-Шаяхметов көшелерінің қиылысында орналасқан №2 оқушылар сарайында ашық есік күні өтті. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, жаңадан ашылған оқушылар сарайы жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. 

Screenshot_22.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында алдымызға қойып отырған талаптар кезең-кезеңмен қаламызда шешімін тауып келеді. Білім, денсаулық пен өнер мектептерінің бүгінгі жағдайы бұрынғыға қарағанда жақсара түскен. Біз оқушылардың білім алуымен қатар, бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін де бар жағдайды жасаудамыз. Бүгін өткізіліп жатқан ашық есік күніне келушілер көп. Жалпы оқушыларды тіркеу  «Mindal.kz» порталы арқылы да әлі жүріп жатыр және белгілі мерзімде тіркелу уақыты бітіп қалмайды, яғни жыл бойына өзіңіз таңдаған үйірмелерде бос орын шықса, кез келген сәтте тіркеліп, өтініш қалдыра алады. Осы кезге дейін №2 оқушылар сарайына Mindal.kz бірегей платформасы арқылы өтінім білдіргендердің саны 4 мыңнан асты. Бұл - күн сайын мыңнан астам өтініш келіп түсіп жатыр дейді, - ол.

Оқушылар спорт және сауықтыру бағытында 15 үйірме, гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында 5, өнер және музыкалық бағытта 14, психологиялық дайындық бағытында 3, көркем эстетикалық бағытта 5 үйірме бар. Үйірменің жалпы саны – 53.

Ал ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6. Физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника. lego құрылысы, химия үйірмелері жұмыс істеп тұр.

Гуманитарлық және жастар қозғалысы бағыты бойынша 5 үйірме, журналистика, шешендік өнер, (ораторлық өнер – қазақ және орыс тілдерінде), журналистика қазақ және орыс тілдерінде, ағылшын тілі (лингвистика), дебат клубы оқушылармен жұмысты бастап кетті.

Өнер және музыкалық бағыт бойынша домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, драма театр режиссері, скрипка, ал көркем-эстетикалық бағыт бойынша ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу, қыш өнері, қолөнер үйірмелері жұмыс істеп тұр. «Қабілетін арттырғысы келетін әрбір оқушыға есік ашық!» дейді білім басқармасы.

Шымкент қаласында Тұран көшелеріне шағал тас төселуде
Шымкент қаласында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, оған 15 кәсіпорын қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу