Шымкент қаласында 72 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді

Oinet.kz 05-08-2023 191

Шымкент қаласында таза ауыз су жүйесі алты нысанда жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Шымкент қаласының «2021-2025 жылдар аралығында даму жоспары» бекітілген.

Screenshot_35.jpg

Сол даму жоспарындағы Жол картасында бес айқын бағыттың бірі ретінде қала аумағын инжинерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы көрсетілген. Яғни, ауыз су, электр жарығы және табиғи газ, кәріз жүйесі, сарқынды суды тазалап, кәдеге жарату, тозығы жеткен жылу жүйелерін қалпына келтіру. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие екеніне тоқталған болатын. Сонымен қатар бұл маңызды құжатта инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі таза ауыз су, электр желісі, табиғи газ жүйелерін жақсарту үшін оның жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Осының негізінде 12 индекатор бекітілген. Атап айтқанда, осы жылдың жоспары бойынша ауыз сумен қамтуды – 99 пайызға, сапалы электрмен қамтуды – 100 пайызға, кәріз желісін – 65 пайызға, табиғи газбен қамтуды – 96 пайызға жеткізу, ал, жылу желілерінің тозу деңгейін 33 пайызға төмендету мақсаты тұр, - дейді қала әкімі. 

Қазіргі таңда қаладағы 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз суды тұтынады. Тіршілік нәрін кезекпен берілетін Құрсай, Сайрам шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында құбыр тарту құрлысы жүріп жатыр. Құрсай шағынауданында екі кезең негізінде жүзеге асып жатқан су желісі құрылысының бүгінде 90 пайызы орындалып, аяқталуға таяп қалды. Негізінен осы үш елді мекенмен қосқанда қала аумағында 6 нысанда құрлысы жүріп жатыр. Олар – Құрсай 1,2 кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам шағынауданында 1,2 және 3 кезек, Еңбекші ауданындағы Тоғыс, Айнатас, Қаратөбе, Қарабастау, Жұлдыз және Жыланбұзған елді мекендерінің жаңақұрылыс аумағындағы 2288 абонентке арналған су құбырының желісі. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембековтің сөзінше, аталған алты нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, 72 мыңға жуық адам сапалы ауызға қол жеткізеді. 

Шымкент қаласында жастарға жеңілдетілген несие берілуде
Шымкентте миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы шет ел азаматтарына қызмет көрсетуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу