Шымкентте миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы шет ел азаматтарына қызмет көрсетуде

Oinet.kz 06-08-2023 189

Шымкент қаласында жаңа ашылған миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастап кетті.  «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры Даримбет Баймбетовтың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы жылдың мамыр айында Шымкент қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚКО) ашқан еді.

Screenshot_36.jpg

Екі айда орталық 20676 адамға қызмет көрсетті. Мұнда еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай ала алады. 

– Жаңа ашылған миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында қызметтерді алу процесі айтарлықтай жеңілдетілген. Мұнда еңбек мигранттарын қабылдайды. Олар барлық қызметтерді бір жерден, жылдам әрі еш кедергісіз ала алады. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры Даримбет Баймбетов.

Атап айтсақ, соңғы жылдары Шымкент қаласында шетелдік жұмысшылардың ағыны байқалады. Көші-қон қызметін көрсететін орталық басқа халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесін едәуір азайтты.

- Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша бекітілген стандартқа сай алады. Клиенттердің мемлекеттік қызметтерін қабылдау үшін мамандардың едәуір саны бөлінген. Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық кезек бар. Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, мұнда шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетіндер жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдей алады. Біздің Жаңа миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы Шымкент қаласындағы Нұртас шағынауданы, Жасталап көшесі, 168/1 үй мекенжайында орналасқан. Көлемі 450 шаршы метрді құрайтын, 50 көлікке арналған автотұрағы бар заманауи ғимарат қызмет алушыларға таңғы сағат 09:00-дан кешкі сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді, - дейді филиал директоры.

Шымкент қаласында 72 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді
Шымкент қаласында қонақ үй бизнесі өкілдері бас қосып, біліктіліктерін арттырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу