Шымкент қаласында қонақ үй бизнесі өкілдері бас қосып, біліктіліктерін арттырды

Oinet.kz 06-08-2023 137

Шымкент қаласында қонақ үй бизнесі жанданып келеді. Қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы Шымкентте қонақ үй және мейрамхана бизнесі әкімшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар тренинг ұйымдастырды.

Screenshot_37.jpg

Жалпы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы жыл сайын оқыту семинар-тренингтерін өткізіп келеді. Былтыр қонақ үй және мейрамхана бизнесінің 50-ден астам әкімшілері білімдерін жетілдірген болса, биыл да осынша маман қатысып, тәжірибе алмасты. 

Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы  ұйымдастырған бұл іс-шараға көршілес елден мамандар келіп қатысты. Тренингте қызмет көрсету саласының әкімшілері өз білімдері мен дағдыларын кеңейтіп, туристік саланың жетекші мамандарынан Семинар-тренингті қонақ үй және мейрамхана саласының  мамандары, 25 жылдан астам тәжірибесі бар  бизнес-тренер Гүлнар Жүнісова  мен   Өзбекстандағы «Ишга Мархамат» кәсіби білім беру орталығының бірінші топтағы батлерлерді дайындау бойынша эксперті, ғылым кандидаты Александр Машков жүргізді. Арнайы шақырылғансм спикерлер қатысушыларға теориялық дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіп, өз білімдерімен бөлісті.

Тренингте  қонақ үй және мейрамхана бизнесінің әкімшілері: қабылдау және орналастыру қызметінің жұмысын реттейтін стандарттар, қонақ үйдегі ұйымдастыру құрылымы, сату бөлімі мен нөмірлік қордың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ банкеттер мен конференц-залдарды сату, жұмыс құжаттамасының нысандары, Front Office операциялық басқару жүйесін таңдау саласында білімдерін толықтырып, нөмірлік қор қызметінің жалпы стандарттары, мейрамханада қызмет көрсету стандарттары мен қызмет көрсету ережелері, «Түнгі аудит», «Бөлменің компоненттерін ақылға қонымды пайдалану тәсілдері» секілді кейстермен танысты. Барлық алынған білім мен дағдылар практикалық сабақ түрінде де жүзеге асырылды.

Семинар-тренинг соңында  қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар табысталды.

Шымкентте миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы шет ел азаматтарына қызмет көрсетуде
Шымкент қаласында жаңа өнеркәсіп аймақтары қалыптасып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу