Шымкент қаласында кәсіпкер жастар арасында жарыс өтті

Oinet.kz 11-08-2023 197

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бұқаралық спорттың маңызы ерекше. Тұрғындардың спортпен жаппай шұғылдануы сергектік сыйлап, денсаулығын жақсартады. Бұл өз кезегінде дені сау ұрпақ қалыптастыру жолындағы негізгі қадамдардың бірі болмақ.

Screenshot_47.jpg

Сол себепті де елімізде  спортқа айрықша көңіл бөлініп,  әуесқойлар арасында түрлі бұқаралық сипаттағы шаралар мен жарыстар ұйымдастырылуда. 

Жуырда Шымкент қаласының кәсіпкер жастары жасыл алаңда бас қосты. Жас кәсіпкерлер арасында ұйымдастырылған кіші футболдан «Базар жастар лигасы» сайысы өз мәресіне жетіп,  жеңімпаздары марапатталды. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотановтың айтуынша, кәсіпкер жастардың арасында мұндай жарыс биыл алғаш рет ұйымдастырылыпты. Іс-шараның мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау.

- Биыл алғаш рет қолға алынған спорттық бәсекеде қаладағы базарлар және сауда орындарындағы жастардан құралған 16 команда жасыл алаңда бақ сынап, өздерінің арасында үздік топты анықтады. Алғашқы турнирде «Акбар базары» командасы жеңімпаз атанды. 

Іс-шараның марапаттау сәтінде сөз алған Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов бұл жарыстың қаладағы бұқаралық спортты дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Жастарға серпін беріп, алда дәстүрлі сайысқа айналуына тілектестігін жеткізді.

Жеңімпаз және жүлдегерлер команда өкілдері ұйымдастырушылардың тарапынан дайындалған арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, жеңімпаз «Акбар базары» командасына 10 дана планшет, екінші орын алған «Көне қала сауда орталығы» командасына 10 дана смартфон, үшінші орын иегері «Барыс базары» командасына 10 дана велосипед табыс етілді. Сонымен қатар, бірқатар ойыншылар «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» номинацияларымен марапатталды.

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегі бойынша түгендеу жүргізілді
Шымкент қаласында тәулігіне 50 мың текшеметр су айдайтын қосымша кәріз жүйесі салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу