Шымкент қаласында тәулігіне 50 мың текшеметр су айдайтын қосымша кәріз жүйесі салынуда

Oinet.kz 12-08-2023 177

Шымкент қаласында шағын аудандардағы елдімекендерге кәріз желілерін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қазіргі таңда Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған елдімекендерге кәріз желілерін жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алыныпты. 

Screenshot_1.jpg

- Бүгінгі таңда құрылыс басында 30 адам, 7 арнайы техника жұмыс істеуде. Мұндағы құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сай  жүргізілуде. Жалпы бұл нысанды осы жылдың соңына дейін аяқтап тапсыру міндеттелген. Ал Мирас-Шапағат-2 нысанында  жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырымды құрайтын құбыр желісінің құрылысы жалғасуда. Бүгінде мұндағы тиісті құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Сонымен қатар биыл Тассай, Тұран, Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Жалпы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мегаполистегі кәріз жүйесінің өзекті мәселелерін 2025 жылға дейін шешу көзделген. Осы мәселені шешу үшін қазіргі таңда тазарту имаратының жанынан қосымша кешен салынуда. Қала әкімінің айтуынша, Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр ағын су тазарту имараты жұмыс істеп тұр. Көктем мен күз айларында кәріз тазарту имараттына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды сулар келіп қосылады. Сондықтан тазаарту имараты жанынан салынып жатқан қосымша нысан тәулігіне 50 мың текше метр ағын суды өткізе алады.

Тағы бір айта кетерлігі, бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатқандықтан, кәріз жүйесін тұтынушылар санының күннен күнге артуы байқалады. Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды. 

- Биыл бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне  Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың үй қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар саны 264 мыңнан асады. Осыған орай  «Еуропалық Даму және қайта құру Банкінің»  «Жасыл қала» бағдарламасы аясында кәріз тазарту имаратының қосымша ғимарат салу жоба құны – 3,5 миллиард теңгені құрайды. Жобаны «Еуропалық Даму және қайта құру Банкі» қаржыландырады, қолдау қаражаттары 1,75 миллиард теңге мөлшерінде, ал мемлекеттік қолдау 1,75 миллиард теңге. Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіліп, 2024 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласында кәсіпкер жастар арасында жарыс өтті
Шымкент қаласындағы Өтегенов көшесі жолы қала әкімінің бақылауында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу