Шымкент қаласындағы Өтегенов көшесі жолы қала әкімінің бақылауында

Oinet.kz 12-08-2023 134

Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстары жоспарына сәйкес жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Өтегенов көшесі жалғасының 2-кезеңінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын өз бақылауына алып,  қадағалап отыр. Қала әкімі онда жұмыс істеп жатқан мердігерге тиісті тапсырмалар беріп, оның орындалу барысын тексерді.  

Screenshot_2.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында жол құрылысы саласына басымдық беріп отырғаны белгілі. Қала аумағында жылына үш жүзге тарта көше жолдары жөнделуде. Бүгінгі таңда жол құрылысының бұл кезеңі Сырым батыр және Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың жалпы ұзындығы 1,2 шақырымды, ал ені 28 метрді құрайды. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жол негізі салынып, көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай-ақ кестеге сай жаяу жүргіншілер жолы салынып, суағарлар,  инфрақұрылым жүйелері орнатылуда. Жалпы, жұмыстар 70 пайызға атқарылды, - дейді қала әкімі. 

Қала әкімінің айтуынша, жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы 2 кезең бойынша толық аяқтап пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланған. Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы жол құрылысы барысын зерделеу кезінде, солтүстік батыс шағын ауданындағы Өтегенов көшесінен Шұбаркөл көшесіне дейінгі аралықтағы Найзалы көшесінің жол құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жобада аталған көшеге төселетін асфальт жабындысының ұзындығы 2 шақырымды құрайды. 

Жалпы, биыл Солтүстік батыс шағын ауданындағы 2,6 шақырымды құрайтын Найзалы және Келешек көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда. Айта кетейік, 2024 жылға Тарақтас, Алтындала тұйығы, Нұрлы таң №1,2,3,4,5,6 көшелерінің тұйығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жалпы, Солтүстік батыс шағын ауданының жалпы аумағы 39,7 шақырымды құрайды, оның 33,6 шақырымы асфальт жол. 

Қала әкімі жауаптыларға жұмысты әлі де жүйелеп, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Жауаптыларға қадағалауды күшейтіп, жұмыстардың нақты орындалуы бойынша есеп беруді міндеттеді.

Шымкент қаласында тәулігіне 50 мың текшеметр су айдайтын қосымша кәріз жүйесі салынуда
Шымкент қаласындағы халықаралық бағыттағы А-2 магистралды жол құрылысы 65 пайызға аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу