Шымкент қаласында алты айда 12 мың тұрақты жұмыс орны құрылған

Oinet.kz 15-08-2023 177

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту шаралары ұлттық даму жоспары аясында жүзеге асырылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе.

Screenshot_9.jpg

Биыл Шымкент қаласының «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық даму жоспары» аясында 23420 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңға Ұлттық жобалар мен жеке бастама негізінде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында алдымызда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағытын айқындап берді. Онда қол жеткізген жетістіктеріміз бен шешілуі тиіс мәселелердің бірде-бірі ұмыт қалмаған, қоғамды толғандырып жүрген жағдайлардың барлығының жөн-жобасы айқындалып, оларды оңтайлы шешудің жолдары көрсетілген. Соның ішінде Президенттің  Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, жыл соңынан дейін жалпы мегаполисте  57181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделіп, бүгінгі таңға 22 мыңнан астам азамат қамтылған.  

«Кәсіпкерлікті дамыту  ұлттық жобасында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту,  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша осы жылдың 6 айында 6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылып отыр» - дейді қала әкімі.  

Шымкент қаласында бес су арнасы күрделі жөндеуден өтуде
Шымкент қаласында қыс айындағы тазалық жұмысына қосымша техникалар алынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу