Шымкент қаласында қыс айындағы тазалық жұмысына қосымша техникалар алынады

Oinet.kz 15-08-2023 139

Шымкент қаласының алдағы қысқа дайындығы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында талқыланған болатын. Онда қала әкімі мегаполис аумағын қардан тазалау жұмыстарын ұйымдастыруға басымдық бере отырып, оған жауапты мекемелердің дайындық жұмысын бір қайтара пысықтап алды.

Screenshot_10.jpg

Сонымен қатар Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан маусымдық жұмыстардың кешенді жоспары таныстырылды. 

- Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аса қажетті жол телімдеріне, атап айтқанда, қырлар мен өрлерге, қарқынды қозғалысты қиылыстарға, теміржол өтпелері мен аялдамаларға тайғақтыққа қарсы материалдарды дайындау жоспарланған. Сонымен бірге ауа райының қолайсыздығынан туындайтын автомобиь жолдарында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті мердігер ұйымдарға тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру тапсырылады. Басқарма тарапынан автомобиль жолдарының қысқы кезеңге дайындығы пысықталуда.  Яғни, жергілікті маңызы бар жолдарды қыс айларында күтіп ұстауға бөлінетін қаражат мақсатты жұмысалып, халықтың қауіпсіздігі арттылуы маңызды орында тұр, - дейді қала басшысы.

Бүгінде жекеменшік әріптестерде қысқы маусымда қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылатын 126 арнайы техника сақадай сай тұр. Онымен қоса жеке кәсіпкерлердің 30-ға жуық техникасын пайдалану  бойынша келісім шарт түзілген. Өткен жылмен салыстырғанда техника саны 87 данаға артып отыр. 

Қазан айында қосымша техникалар сатып алу жоспарлануда. Жалпы, қар күреу жұмыстарына, инертті материалдар мен қарды тасымалдауға тиісті қаражат қаралған. Қардан тазарту жұмыстары әр ауданда 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. 

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға тазалық жұмыстарының кестесін талапқа сай пысықтауды және арнайы техникалардың қажіттіліктерін нақты анықтауды тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жіберілген кемшіліктерді зерделей отырып,  өзекті мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.

Шымкент қаласында алты айда 12 мың тұрақты жұмыс орны құрылған
Шымкент қаласында жаңа оқу жылында №8 мектеп гимназиясындағы қосымша ғимарат пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу