Шымкент қаласының әкімі жеке қабылдауында көтерілген мәселелерді шешуді тапсырды

Oinet.kz 20-08-2023 448

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдау кезінде 200-ден астам азаматқа талон таратылып, тұрғындардың өтініштерін қарастыруға барлық мүмкіндік жасалды. 

Screenshot_21.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларының басты бағытының бір саласы халықтың жағдайын, өмір сүру сапасын жақсартып, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу  өндірісібін қатар дамыту. Сонымен бірге Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды. Біздің өңірде де Жолдау жүктеген міндеттер сәтімен жүзеге асырылып келеді. Жалпы бүгінгі қабылдауда негізінен, мектепке дайындық мәселесіне қатысты сұрақтар жиі қаралды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар балаларының мектеп формасына, оқулықтарға қатысты қажеттіліктерін жеткізді. Білім басқармасының қызметкерлері азаматтар тарапынан түскен өтініштерге қатысты тиісті шешімдер қабылдап, мемлекеттік қолдаулардың талаптарын түсіндірді, - дейді қала әкімі.

Кәсіп бастап, қаланың әлеуметтік тұрғыда дамуына үлес қосқысы келетін  азаматтар да қабылдауға қатысқан. Бизнеске бет бұрғысы келетін тұрғындарға шағын несие алудың жаңа шарттары, қайтарымсыз грант талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мамандар қала аумағында табысты саналатын кәсіп түрлері бойынша пайдалы кеңестер де ұсынды. 

Инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы сұрақтар да назарға алынып, қаланы дамыту бойынша кешенді жоспарға енгізілді. Газ, су, кәріз желілерін тарту, жол жүргізуге қатысты талап-тілектер  бойынша тиісті басқармаларға оңды шешімдер қабылдау үшін тапсырылды. 

Мұрат Дүйсенбекұлы орынбасарларына, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне қабылдауда көтерілген барлық өтініштер бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын оперативті түрде жүргізіп, азаматтармен кері байланыс жасауды тапсырды. Сондай-ақ талап-тілектерді заң шеңберінде қарастырып, халықтың тұрмысын түзеуде, өмір сапасын арттыруда бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. 

Шымкент қаласында биыл 15 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізіледі
Шымкент қаласындағы №66 мектеп күрделі жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу