Шымкент қаласындағы №66 мектеп күрделі жөндеуден өтуде

Oinet.kz 20-08-2023 520

Шымкент қаласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошақтары көп. Соның бірі Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі.

Screenshot_22.jpg

Қазіргі таңда ондағы құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған мектептегі күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысып, құрылыс барысын бақылады.   

Ондағы құрылыс жұмыстары мамыр айынан басталған. Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимарат 1260 орынға лайықтап салынған. Дегенмен мұнда қазіргі таңда екі мыңнан аса оқушы білім алуда. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады» деп білім саласының маңыздылығына тоқталған еді. Сондай-ақ «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деген Президент мектеп құрылысының жұмысын жандандыруды жергілікті жерлердегі әкімдерге тапсырды. Бүгінгі бұл жобамен қатар облыс және қала бюджеті есебінен ондаған білім ошақтарында күрделі жөдеу жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі осы мектеп, - дейді қала әкім Мұрат Әйтенов. 

Үш қабатты нысанның күрделі жөндеу жұмыстары қазір бар болғаны 20 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіліп, жаңа жыл қарсаңында мектеп ұжымы мен оқушылар игілігіне беріледі деп күтілуде. Дегенмен, мектептің құрылыс алаңында болған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға мектептердің күрделі құрылыс жұмысын талапқа сай жүргізіп, ғимараттардың кескін-келбетін мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай жабдықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.  

Шымкент қаласының әкімі жеке қабылдауында көтерілген мәселелерді шешуді тапсырды
Шымкентте ренновация бағдарламасы аясында ескі үйлер сүріліп орнына жаңа баспаналар салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу