Шымкент қаласында жастар фестивалі мәресіне жетті

Oinet.kz 01-08-2023 132

Шымкент қаласында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» каммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Shymkent fest» жобасының жабылу салтанаты өтті. 

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, екі ай мерзімге созылған фестиваль 14 бағытта, 12 мен 35 жас жастар арасында, «Хиты всех времен», «Tik-tok vs нағыз бишілер» би батл, Street workout-тан жастар арасында қалалық жарыс және мастер-класс, «Shym youth life» скейт және граффити шоу, «NOSTALGIA GAME»  балалық шағымның  ойындары фестивалі, «Modern» заманауи жастардың мүмкіндіктері тақырыбында арнайы сурет салу байқауы, үстел теннисінен, «Brain blitz» интеллектуалды сайысы және «Sky movie» кино көрсетілімі, ән-би жарыстары өткен. 

- Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Түрлі жаңа технологияларды тез меңгеретін, жаңашылдыққа икемі бар, жаңалықтар мен тың идеяларға серпін беретін қоғамның ең өзекті бөлігі жастар.  Ұлттық рухани тамырымыз – ұлттығымызды ұлықтау, дәстүрімізді дәріптеу, ата-ананы ардақтау, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеуден бастау алады. Өз тарихыңнан, өз тіліңнен, өз салт-дәстүріңнен, мәдениетіңнен қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан да ұлтымызға тән қасиеттерді, дәстүрдің озығын қызғыштай қорғай отырып, жастар бойында өнерге деген белсенділікті арттыруды көздейді бұл жоба. Атап айтсақ, «Shymkent  fest» жобасы – жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және саламатты өмір салтын ұстануға баулуға бағытталған бірегей жоба десек те болады, - дейді  Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы.

Аталмыш жобаның жабылу салтанатына қатысқан Серғазы Кәрімұлы фестивальға атсалысып, белсенділік танытқан жастарға алғысын айтып, жеңіске жеткен жастар марапатталды. Кеш ән, биге жалғасты.

Шымкент қаласында 1-4-сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады
Шымкент қаласында оқу орындарына сенім жәшігі орнатылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу