Шымкент қаласында оқу орындарына сенім жәшігі орнатылуда

Oinet.kz 31-07-2023 141

Шымкент қаласында жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуде. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, Шымкент қаласында жастар арасындағы қылмыс, буллинг және психотропты есірткі заттарының алдын алу, құрбан болған жастарды қорғау мақсатында бірқатар оқу орындары мен жатақханаларға сенім жәшігі орнатылған. 

Screenshot_3.jpg

Бұған дейін мұндай жәшіктер тек сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен арыз-шағым үшін ғана қойылып келген болатын. Ендігі кезекте «Сенім жәшігіне» студенттер есірткі қылмысы, буллинг, әлімжеттікке тап болған жағдайда хат жолдай алады. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Auezov Jastary» қоғамдық қоры «Сенім жәшігі» жобасын арнайы әзірлеген екен. 

- Жоба бүгін М. Әуезов атындағы оқу ордамыздан  бастау алып отыр. «Сенім жәшігі» жобасы аясында жоғары және орта, арнаулы оқу орындарында, жатақханаларда 100 сенім жәшігі қойылады. Ал қыркүйекте оқу жылы басталған уақытта барлық студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілмек. Сенім жәшігіндегі хаттарды оқу жылы басталған уақыттан бастап әр ай сайын ашып, саралаймыз. Түскен хаттар бойынша «Auezov Jastary» қоғамдық қоры жұмыстар жүргізеді, - дейді «Auezov Jastary» қоғамдық қорының төраға орынбасары Лаура Мұхтарбекқызы.

Аталған қордық төраға орынбасарының айтуынша, сенім жәшігіне түскен хаттар бақылаусыз қалмайды. Барлық ақпараттар қаралып, жастарға көмек көрсетіледі. Ал жыл соңында жалпы сенім жәшігіне түскен ақпараттар бойынша мониторинг жасалады екен. «Бұл бастама жастар арасында белең алған мәселелердің алдын алуда үлкен көмек болмақ» дейді оның ұйымдастырушылары.

Шымкент қаласында жастар фестивалі мәресіне жетті
Шымкент қаласында 50 мың адам электр желісіне қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу