Шымкент қаласында 50 мың адам электр желісіне қосылды

Oinet.kz 31-07-2023 164

Шымкент қаласында жарық қуатынсыз отырған елдімекен жоқ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша шаһарға қарасты 81 елді мекен толықтай электр қуатымен қамтылған.

Screenshot_4.jpg

Ендігі кезекте 4 елді мекенді, атап айтқанда Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай жаңақұрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. 

Ғарыштық жылдамдықпен қарыштап дамып жатқан қазіргідей уақытта электр қуатының қажеттілігі орасан зор. Атап айтқанда, экономикамыздың өрлеуі де осы қуат көзіне тәуелді. Бұл ретте баға жетпес әрі сарқылмас байлық, ол – баламалы энергия екені белгілі. 

- Мемлекет басшысы баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл бағытта өңірімізде жүзеге асып жатқан жобалар бар. Бірақ ол әлі де болса жеткіліксіз. Қазіргі таңда Қазақстанға 1 миллиард 200 мегават электр энергиясы жетіспейді. Әсіресе қысқы мезгілде энергияны басқа мемлекеттерден алуға мәжбүр. Экономика дамыған сайын электр энергиясы көздерінің жетіспеушілігі көбейе бастайды. Бұл қалада да байқалады. Дегенмен біздің басты міндетіміз халыққа қуат көзін жеткізіп, экономикалық аймақтардың жұмысын жолға қойу. Ол үшін біз өзіміздегі күннің, судың, желдің мүмкіндігін пайдаланып, алатын энергия көздерін көбейтуіміз керек, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Жалпы қалада шаһар тұрғындарын қуат көзімен қамту жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Атап айтсақ 2 тоқсан ішінде үш елді мекенде ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасын тауып отыр. Оның құрылысына жауапты мердігер 153,2 километр электр желілерін тартып, 15 электр тарату бекетін, 38 трансформатор мен бір қосалқы станция орнатуда. Жалпы алты айдың қорытындысымен Батыс, Қайнарбұлақ және Нұрсәт елді мекендерінде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 50 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.

Жыл қорытындысымен 3 нысанның («Ақжар» 110/35/10 кВ, Тұран 10 (РП), Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталып, 12 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алмақшы. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 98 пайыздан 100 пайызға жоғарыламақ

Шымкент қаласында оқу орындарына сенім жәшігі орнатылуда
Шымкент қаласында кәріз коллекторын қайта жаңғырту жұмыстары басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу