Шымкент қаласында кәріз коллекторын қайта жаңғырту жұмыстары басталды

Oinet.kz 30-07-2023 244

Шымкент қаласында кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасын табуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһардағы «Қапал батыр» көшесіндегі қолданыстағы кәріз коллекторын реконструкциялау жұмыстары қолға алынуда екен.

Screenshot_5.jpg

Бұл маңызды жобаны жүзеге асыру «Су ресурсы-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Бұл жоба осы жылға бекітілген инвестициялық жоба аясында жүзеге асырылады.  

- Қаладағы кәріз жүйесінің өзекті мәселелерін 2025 жылға дейін шешу көзделіп отыр. Осы мәселені шешу үшін қазіргі таңда тазарту имаратының жанынан қосымша кешен салынуда. Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр ағын су тазарту имараты жұмыс істеп тұр. Көктем мен күз айларында кәріз тазарту имараттына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды сулар келіп қосылады. Сондықтан тазарту имараты жанынан салынып жатқан қосымша нысан тәулігіне 50 мың текше метр ағын суды өткізе алады. Тағы бір айта кетерлігі, бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатқандықтан, кәріз жүйесін тұтынушылар санының күннен күнге артуы байқалады. Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстар бір сәтке де тоқтамайды. Бүгін, диаметрі 800 миллиметр болатын осы кәріз коллекторының жұмыс барысын көріп қайтқан болатынмын. 1969 жылы құрылған коллекторда осыған дейін 8 рет апатты жағдай орын алып, әбден тозығы жеткен. Ал, екінші қажеттілік- қаламызда өндіріс нысандарының көбеюі, шайынды сулар көлемінің артуына байланысты туындап отыр, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Жоспар бойынша аталған кәріз коллекторының 1500 метрі биыл алмастырылса, ал құрылыс жұмыстары 2024 жылдың тамызында толық аяқталмақ. Жалпы реконструкциялау жұмыстарынан соң кәріз жүйесіне қосылатын тұтынушылар саны артпақ.

- Бүгінгі таңда Шымкент қаласында су құбырларының 46 пайызының, ал, кәріз құбырларының 77 пайызының тозу уақыты жеткен. Бұл нысандарды қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңмен іске асырылуда. Биыл бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне  Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың үй қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар саны 264 мыңнан асады. Ал «Қапал батыр» көшесіндегі қолданыстағы кәріз коллекторын реконструкциялау жұмыстары екі жыл қатарынан жүргізіліп, 2024 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласында 50 мың адам электр желісіне қосылды
Шымкент қаласында азық-түлік бағасы тұрақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу