Шымкент қаласында өндірістік аймақтардың өндіріс көлемі артуда

Oinet.kz 22-09-2023 185

Шымкент қаласында бес индустриалдық аймақ бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, жұмыс істеп тұрған 5 өнеркәсіптік аймақтың жалпы аумағы 869 гектарды құрайды. Онда 358 миллиард теңгені құрайтын  337 жоба іске асырылуда.  Оның ішінде, жалпы құны 216 миллиард теңгені құрайтын  273 нақты жұмыс істеп тұр. Онда 8 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орны құрылған. 

Screenshot_6.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауларында елімізде индустриалды, өнеркәсіптік аймақтың жұмысына елеулі көңіл бөліп отыр. Отандық қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін, шикізат пен басқа да тауарлардың көлемін арттыру көзделген. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуға көңіл бөлінген. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 95,9 миллиард теңгеге 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарымен 95 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 76 кәсіпорын іске қосылып, онда 2,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 91,4 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл индустриалды аймақта 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Инвестициялық құны – 1,4 миллиард теңге. Жоспарға сәйкес, биыл 99 жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс, - дейді қала әкімі.

Жалпы «Оңтүстік» индустриалды аймағында 1 теңге бюджеттік инвестицияға 10 теңге жеке инвестиция тартылды. Жалпы аймақ жұмыс ашылғалы бері ондағы компаниялар бюджетке 36,3 миллиард теңге салық төленген. Иинфрақұрылымға жұмсалған қаржы 6,9 миллиард теңге екенін ескерсек, бұл аймақтың тиімділігі жоғары деген сөз. 

Ал, «Тассай» индустриалды аймағында 50,7 миллиард теңгеге 2,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 36,7 миллиард теңге инвестиция тартыла отырып ашылған 24 зауыт-фабрика нақты өнімдерін шығарып жатыр. Онда 1,8 мыңнан астам жұмыс орындары құрылған. «Тассайда» биыл 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Инвестициялық құны 7,4 миллиард теңге құрайтын бұл жобалар 290 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл аймақты ашуға бюджет әр 1 теңге қаржыға 35 теңге жеке инвестиция тартылған. Жалпы, «Тассай» индустриалды аймағы ашылғалы бері онда жұмыс істеп жатқан компаниялар бюджетке 6,8 миллиард теңге салық төлеген.

- Шымкент қаласының экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын тағы бір өнеркәсіптік аймақ – сауда-логистикалық орталығы. Мұнда 43,5 миллиард теңгеге 8 жоба жүзеге асырылуда. Онда 660 жұмыс орнын құру көзделген. Бүгінде 24,5 миллиард теңгеге 285 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылған, - дейді қала әкімі.

Шымкент қаласында жылу маусымына дайындық жұмыстарын 1 қазанда толық аяқтайды
Шымкент қаласында қала әкімі жол құрылысының барысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу