Шымкент қаласында «Арбат» алаңында жәрмеңке өтті

Oinet.kz 24-09-2023 171

Шымкент қаласында кәсіпкерлер өз өнімдерін «Арбат» алаңында өткен жәрмеңкеге шығардын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, ол жәрмеңкеге негізінен мемлекеттен қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлер қатысты.  

Screenshot_12.jpg

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жәрмңкеге арнайы қатысып, мемлекеттік қолдау аясында кәсіптерін дөңгелетіп отырған 200-ге жуық грант иесінің бизнес-жобаларымен танысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріп отыр. Бүгінде шаһарда бизнеске бет бұрған қала тұрғындарының қатары артып келеді. Былтыр қалада мыңнан астам адам мемлекеттен 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант алып, бизнес-жоспарларын жүзеге асырған еді. Бүгінде олардың көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жеке кәсібімен айналысуда, - дейді ол.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы оларға алдағы уақытта шағын кәсіптен орта бизнес деңгейіне көтерілуге қолдау көрсетпек. Кәсіпкерлердің басым бөлігі тағам өнеркәсібі, мал шаруашылығы, қызмет көрсету салалары мен қолөнер және жиһаз өндіру кәсіптерін ұсынды. 

- Қайтарымсыз грант қаржысы бұл аты айтып тұрғандай мемлекетке  қайтарылмайды. Жоба бүгінде халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр. Мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдау шарасы биыл да өз жалғасын тауып, Шымкентте әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға  беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат грант иегері атанды. 11-22 қыркүйек аралығында өткен III-лекте қалған 29 грантқа өтінім қабылдануда, - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы.

Қайтарымсыз грант отандық, оның ішінде шымкенттік өнім көлемін арттыруға септігін тигізуде. Грант иегерлерінің өнімдерін кеңінен насихаттап, дәріптеу көзделген жәрмеңкеде кәсіпкерлер көпшілікке бәсекеге қабілеттіліктерін көрсете білді. Нәтижесінде жәрмеңкеге келген ірі кәсіпкерлер грант иегерлерінің өнімдеріне қызығушылық танытып, сауда нарығында қолдау көрсетуге ниеттерін жеткізді. Бұл тұрғыда жауапты сала мамандарының сүйемелдеуімен бірлескен жұмыстар жүргізілмек.

Шымкент қаласында азық-түлік қоры жеткілікті
Шымкент қаласында №6 емханада үздік тәжірибелік орталық ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу