Шымкент қаласында №6 емханада үздік тәжірибелік орталық ашылды

Oinet.kz 25-09-2023 159

Шымкент қаласында халықтың денсаулығын арттыру мақсатында үздік тәжірибе орталықтары ашылуда. Соның бірі №6 емхана қасынан үздік тәжірибелік орталығы ашылды. Оның ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысты. Оның айтуынша, бұл орталық қала медицинасында қызмет көрсету сапасын жақсарту және тұрғындар үшін медицинаға қолжетімділікті арттыру мақсатында ашылып отыр екен. 

Screenshot_13.jpg

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында медицина саласын көтеруге көп көңіл бөліп отыр. Бүгінгі таңда қалада ашылып отырған жаңа медициалық орталықтың қала тұрғындары үшін рөлі зор. Атап айтқандв, бұл орталықта жаңа технологиялар мен қызметтерді қолданысқа енгізу медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды көздеп отырмыз. Мұнда бастапқы санитарлық-медициналық көмек пен мейіргерлік ісінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қызметтерді үлестіру және психолог мамандармен жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Науқасты емдеу және аурудың алдын алу процестеріне пациенттердің өздері мен жақындарын қатыстыруға да баса назар аударылмақ. Негізінде емханалар қызметінің 50 пайызы осындай профилактикалық бағытқа айрналғаны дұрыс. Өйткені, біздің медицинамыз толықтай ауру адамдарға жұмыс істемей, сау адамдарға ауырмаудың жолын көрсете алатын болуы керек, – деді Қуаныш Жұмабекұлы. 

Айта кетейік, үздік тәжірибелік орталықта аймақтық медбикелер әмбебап прогрессивті патронаж моделі қолданып жұмыс істейді. Ол үшін мамандардың барлығы GPS навигациясы және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Егер медбике елді мекенді аралаған кезде пациентке шұғыл медициналық көмек керек екенін анықтаса, GPS навигациясының батырмасын басу арқылы бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушісі және бас медбикенің телефондарына шақырту жібере алады. Келіп түскен шақыртуға байланысты емханадағы дәрігерлер тарапынан пациентке дер кезінде қажетті медициналық көмек ұсынылады. 

Шымкент қаласында «Арбат» алаңында жәрмеңке өтті
Шымкент қаласында отандық кәсіпкерлерге үлкен қолдау бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу