Шымкент қаласында отандық кәсіпкерлерге үлкен қолдау бар

Oinet.kz 25-09-2023 183

Шымкент қаласында кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалуда. Жуырдан қалада «Самұрық-Қазына» қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған бизнесті дамытуға арналған конференция өтті. 

Screenshot_14.jpg

«Самұрық-Қазына Контракт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Әділет Батталовтың айтуынша, бүгінгі таңда, 

отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктері қарастырылуда екен. 

– Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген міндеттерін орындау мақсатында «Самырұқ-Қазына» қорының сатып алу саясатының жаңа моделі қалыптастырылды. Ол қордың сатып алу жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді және отандық кәсіпкерлерді қолдауды көздейді. Бүгінде қор импортты алмастыруға бағытталған бірегей бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Оның аясында қор 2018 жылдан бері қарай жалпы соммасы 107 миллиард теңгеге 389 ұзақмерзімді офтейк-келісімшарттар жасады. Қор алдағы уақытта реттелетін саудада осындай келісімдердің үлесін арттыра түсуді жоспарлап отыр, – деді Әділет Қоныспайұлы. 

Ал аталған конференцияда Шымкент қаласы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев шаһарда өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған еді. Онда «Самұрық-Қазына» қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Шымкент қаласы әкімдігі отандық тауар өндірушілер мен бизнесті қолдау бағыттарында ынтымақтастық орнату жөнінде үшжақты келісімге қол қойды. 

Осы ұйымдадың қолдауына ие болған жас кәсіпкер Баянсұлу Оразалиева «Сapable group» компаниясын құрып жөргектер өндіріс қолға алған. Жастайынан еңбексүйгіштікке тәрбиеленген Баянсұлу бүгінде нәрестелерге арналған жөргек шығарумен айналысады.

Баянсұлу - 3 түрлі өнімді шығарумен айналысып келеді. Олар GIGO, SIMBO және эконом сигментін өндіреді. Бұл – сатылымдағы жөргектерге қарағанда қолжетімді. Бір жөргектің өзіне 14 түрлі шикізатты түрлі елдерден тапсырыспен алдыртып, осы кәсіпорында жинақтайды екен. 

Шымкент қаласында №6 емханада үздік тәжірибелік орталық ашылды
Шымкент қаласында жас кәсіпкерлерге қодау көрсетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу