Шымкент қаласында жаңа спорт кешені ашылды, ендігі кезекте 20 алаң салу жоспарлануда

Oinet.kz 26-09-2023 175

Шымкент қаласында бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ол үшін қала аумағындағы аудандарда спорт алаңшалары мен спорт кешендері көптеп салынып, ашылуда.  

Screenshot_17.jpg

- Бұқаралық спортпен халықтың шұғылдануын арттыру, спорт саласының жандануына тұрақты жағдай жасау – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктеген маңызды тапсырмалардың бірі. Осы орайда, жуырда Қаратау ауданы аумағындағы Шапырашты елді мекенінде жаңа «Sarybai» спорт кешені тұрғындардың игілігіне берілді, - дейді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков

Жергілікті меценат, белгілі спортшы М.Қыпшақбаевтың бастамасымен құрылысы бастау алған спорт кешенінде спорттың бес түрі бойынша арнайы залдар қарастырылған. Жалпы 1000-нан астам баланы қамтуға жабдықталған кешенде арнайы сала бапкерлері өз қызметтеріне кірісті. Құрылтайшылар тарапынан қызметкерлерді жұмыспен, қатысушыларды арнайы спорт киімдері, құралдарымен қамту мүмкіндіктері толық қаралған.

- Алдағы уақытта аудан аумағындағы шалғай елді мекендерде де ауқымды спорт нысандары ашылатын болады. Дегенмен биыл бұл ауданнан бөлек, жыл соңына дейін Тұран ауданында 20 балалар ойын алаңшасы орнатылады. Жалпы Шымкент қаласы Тұран ауданында қазіргі уақытта жалпы 366 балалар ойын алаңшасы бар. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 20 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда 9 балалар ойын алаңшасы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен жеке секторлы үйлер көшесінің бойында пайдалануға берілді. Олар Бәйдібек би даңғылы, Отырар, Ақжар, Ақтас, Арғымақ, Құрсай шағын аудандары мен Жарқымбеков көшесі және №112 орам аймағында орналасқан үйлердің ауласына орнатылған. Бүгінде құрылысы жүріп жатқан 11 балалар ойын алаңшасы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі, - дейді қала әкімі. 

Шымкент қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Шымкент қаласының әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу