Шымкент қаласына қарасты Сайрам ауданы таза ауызсумен қамтылуда

Oinet.kz 27-09-2023 297

Шымкент қаласының тұрғындары таза ауыз сумен қамту жұмыстары қаланың бас жоспарына сәйкес жалғасын табуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр екен. Атап айтсақ, құрылыс жұмыстары Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағында жүргізілуде.

Screenshot_19.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауларында және алдыңғы Жолдауларында халықты жайлы инженерлік-инфрақұрылыммен қамтуға аса басымдық берген еді. Яғни, алдағы жылдары ауылды жерлерде таза ауыз сумен қамтуды 80, қалаларда 100 пайызға жеткізу тапсырылған. Бүгінгі таңда шаһарда сапалы сумен қамту жұмыстары қаланың бас жоспарына сәйкес жүргізілуде. Соның ішінде Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Атап айтқанда, жобалаушы мекеме демеушісі «Батыс Алға LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, - дейді қала әкімі.

Ал қалған 3 кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлген. Қазіргі таңда, мердігер мекеме «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың IV тоқсанында аяқтап пайдалануға беру жоспарланған. 

Биылғы жылдың қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады деп көзделген. Жалпы биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5 пайыздан 100 пайызға дейін өсетін болады.

Шымкент қаласының әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесті
Шымкент қаласында көпфункциялы қызмет орталығы кәсіпкерлерге көмек беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу