Ақтас шағынауданында жаңа ойын алаңы ашылды

Oinet.kz 22-08-2026

Шымкенттің Тұран ауданындағы Ақтас шағынауданында жаңа балалар ойын алаңы тұрғындар игілігіне берілді.

Screenshot_2.png

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 400 шаршы метр аумақ абаттандырылып, заманауи ойын және воркаут алаңдары, жарықтандыру жүйесі орнатылды.

Құрылыс жұмыстары тамыз айының басында басталып, белгіленген мерзімде аяқталды. Нысанға 3 жылдық кепілдік берілген.

Тұрғындар жаңа алаңның ашылуына қуанып, оның игілігін пайдалану және тазалығын сақтау жауапкершілігін өз мойындарына алуға дайын екендерін жеткізді.

В микрорайоне Акжар открылась новая детская игровая площадка
В микрорайоне Актас открылась новая детская площадка
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу