Шымкент пен Сиань қалалары арасында әріптестік байланыс орнады

Oinet.kz 01-06-2023 187

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды орталығына айналып келеді. Бұл орталықтың дамуына Қытай инвесторларының қосып отырған үлесі аз емес. Жылпы Қытай мемлекетінің кейбір өңірлерімен мен Шымкент қаласы арасында ынтымақтастық, әріптестік байланыс орнап келеді.

Screenshot_15.jpg

Атап айтсақ, жуырда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы  арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін бірлесе отырып талқылады. 

- Өздеріңіз жақсы білесіздер, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында екі қаланың арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатты. Біз екі жақты кездесу барысында қалалар арасында мәдениет, туризм, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін бірлесе отырып талқыладық, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық әріптестіктің дамығанын екі арадағы сауда айналымынан аңғару қиын емес. Мәселен, былтыр Шымкент қаласы мен Қытай мемлекеті арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 миллион АҚШ долларын құраған. Бұдан бөлек, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі де шаһар экономикасына соны серпін әкелері сөзсіз. Яғни мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығына айналу мүмкіндігі байқалуда.  

- Екі ел арасындағы сауда айналымының артуы, екі елдің ынтымақтастық әріптестігінің дамуына алып келді. Қазірдің өзінде Қытай инвесторларының көмегімен Шымкент қаласында бірнеше инвестициялық жоба табысты іске асырылуда. Бүгінде Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда. Әріптестік кездесуде Қытай елінің Бас консулы қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырды. Бұл барыс-келіс, өңіріміздің экономикалық әлеуетін арттырып, екі ел қарасындағы сауда айналымы мен әріптестік байланысымызды нығайта түседі деген сенімдемін, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласында қайтарымсыз грант беру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Шымкент қаласында биыл бір миллион 73 шаршыметр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу