Шымкент қаласында биыл бір миллион 73 шаршыметр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда

Oinet.kz 02-06-2023 135

Шымкент қаласына соңғы бес жылда шетелдік инвесторлар тарапынан салынған инвестиция қаланың көркеюіне алып келді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қалаға ауқымды инвестиция салған алпауыт құрылыс компаниялары бүгінде тұрғын үй құрылысы саласының дамуына зор үлес қосқан.

Screenshot_16.jpg

Бүгінгі таңда құрылыс нарығында өзіндік орны бар «BI Group», «Otau», «Capital invest construction», «OKS –Shymcity», «Kanfar Bulding» компаниялары мегаполистің сәулеттік келбетін айшықтайтын заманауи, зәулім тұрғын үйлер салуда.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов шетелдік инвесторлар салып жатқан бизнес және эконом класты тұрғын үйлерді аралап көрді. «БазисА» компаниясы салып жатқан Әкімшілік-іскерлік орталығындағы  «Шахристан» тұрғын үй кешенінің құрылысын тексерді. Мұнда қазір арнайы бригадалар сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде. 

- Бүгінде «Отау Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тұран шағын ауданындағы 20 585 шаршы метрді құрайтын «City Otau» тұрғын үй кешенін салуда. 5 блоктан тұратын тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталып, қазір қабылдануда. Сондай-ақ «ШымСити» шағын ауданында орналасқан 33 936 шаршы метрді құрайтын «Капитал Сити» тұрғын үй кешені, «BI Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Төлеметов көшесі бойында орналасқан «Гранд парк К1» тұрғын үй кешені, 17 шағын ауданындағы «Канфар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан  «Бірлік» тұрғын үй кешені  аумақтарында болып, атқарылған жұмыстарды көзбен көріп қайттым. Қазіргі таңда аталған шағын аудандардағы құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде екен. Инвесторлармен әңгімелесу барысында ол тұрғын үйлердің жыл соңына дейін пайдалануға бергелі отырғандарын айтып, жобаға сәйкес тапсыратындықтарын айтты инвестор компаниясының өкілдері, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов.   

Жалпы, биыл Шымкент қаласында 1 миллион 73 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 миллион шаршы метрге дейін жеткізу көзделген.    

Жоғарыда аталған шағын аудандардағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерлер мен қатар сол салаға жауаптыларға ең алдымен жұмыстардың сапалы, өндірістік кестеге сай орындалуын назарға алуды тапсырған болатын. Сондай-ақ шаһар басшысы қаланың сәулеттік кескін-келбетін айқындайтын  ауқымды жобалар ұсынатын инвесторлар тартуда, бизнес өкілдерімен қолайлы жағдайда әріптестік орнатуда нақты тапсырмалар жүктеді. 

Шымкент пен Сиань қалалары арасында әріптестік байланыс орнады
Шымкент қаласында құрылыс салуға Вьетнам инвесторлары қызығушылық танытуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу