Шымкент қаласында алюминий банкалары шығарылуда

Oinet.kz 09-06-2023 162

Шымкент қаласы экономикасына ауқымды инвестициялар тартылуда.  Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһардағы «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағында орналасқан «QAZALPACK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыты отандық нарықта сұранысқа ие, алюминий банка қақпағын шығаруда. 

Screenshot_8.jpg

- Бұл зауыт Орталық Азияда бірінші болып алюминий банка шығаратын бірегей жобаны жүзеге асыруда. Қазіргі таңда зауыт қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Оның жылдық қуаты 500 миллион құтыны құрайды. Кәсіпорын Америка Құрама Штаттарында жасалған жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған. Жобаның жалпы құны 23,4 миллиард теңгені құрайды. Зауыт 157 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Ондағы қызметкерлердің барлығы арнайы оқу орнында біліктіліктерін арттырған, - дейді қала әкімі. 

Жоба аясында шырындарды, газдалған және газдалмаған алкогольсіз сусындарды бөтелкеге құю үшін әртүрлі көлемдегі қақпағы оңай ашылатын терең тартылған алюминий банкаларды нарыққа шығарады. Компания алдағы уақытта отандық алюминий контейнерлер нарығының 80 пайызын қамтитын өндірісті дамытуды көздеп отыр екен. 

- Бұл Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан айтулы жобаның бірі. Мұның экологиялық өнімділігі жоғары. Әрбірден кейін оған деген сұраныс та артып келеді. Жалпы алюминий құты әлемдегі ең тұрақты және қайта өңделетін қаптама болып табылады. Алюминий банкалардың жартысынан көбі қайта өңделеді және оларды тұрмыста қайта пайдалануға болады.

««QAZALPACK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып отырған жобасы «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен іске асырылуда. «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан бірегей жобаның ауданы 20 мың шаршыметрді құрайды. Компания өз өнімдерімен Қазақстан нарығының үштен бір бөлігін қамтып қана қоймай, республикадан тыс жерлерге де экспорттай алады, дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. 

Шымкент қаласындағы «Бозарық» өндірістік аймағында кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде
Шымкент қаласында экспорттаушы кәсіпорындар қатары артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу