Шымкент қаласында экспорттаушы кәсіпорындар қатары артуда

Oinet.kz 10-06-2023 204

Шымкент қаласындағы сауда айналымы артып келеді.  Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебековтың айтуынша, Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 404,4 миллион АҚШ долларды құрады. Оның ішінде, экспорт – 137,4 миллион долларды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға өскен.\

Screenshot_9.jpg

- Бүгінгі таңда қаламызда экспорт көлемінің артқаны байқалады. Атап айтар болсақ, жалпы экспорттың ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі есепті кезеңде 106,5 миллион АҚШ долларға жетіп, ол өткен жылмен салыстырғанда 154,8 пайызды құрады. Бұл салада экспортталып жатқан өнімдер қатарында мұнай, тамақ, фармацевтикалық, машина мен жабдықтардан басқа дайын бұйымдар бар. Мәселен, есепті кезеңде жалпы құны 49,9 миллион долларды құрайтын мұнай, 15,3 миллион доллар тамақ, 4,9 миллион доллар фармацевтикалық, 4,4 миллион доллар машина мен жабдықтардан басқа дайын бұйымдар өнім өндіріліп, экспортталған. 

Бұдан бөлек, 2,1 миллион долларды құрайтын өнеркәсіп химикаттары, 1,3 миллион доллар металл емес минералдық өнімдер өндіріліп өткерілген.  Сондай-ақ, 9 миллион доллар резеңке және пластмасса бұйымдары, 6 миллион долларды құрайтын қағаз және қағаздан жасалған өнімдер шығарылған. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғыз, Түркия, Қытай мемлекеттеріне жіберілді, - дейді басқарма басшысы Б.Дүйсебеков. 

Ал өңдеу өнеркәсібінде қаладағы (тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру т.б салаларында) 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығаруда екен. 

- Экспортқа бағдарланған жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, өнімдерін экспортқа шығаруда бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, экспорт жөніндегі өңірлік кеңесі өткізілді. Бұдан бөлек, экспорт және халықаралық сауда бойынша оқыту курстарының сессиясы ұйымдастырылып, іс-шараға қаладан 30 кәсіпорын қатысты. Аталған іс-шараларда кәсіпкерлерді қолдау, экспортқа өнім шығарудың тетіктері қарастырылды, - дейді Б.Дүйсебеков. 

Шымкент қаласында алюминий банкалары шығарылуда
Шымкент қаласында каналдар бетондалып, жаңаша микроклимат қалыптастырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу