Шымкент қаласында жастарды жұмыспен қамту шаралары жалғасуын табуда

Oinet.kz 10-06-2023 206

Шымкент қаласында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шаралары «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде жүзеге асырылуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, биылғы төрт айда Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 8319 адамға жеткен.

Screenshot_12.jpg

- Президентіміз «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы еліміздің биылғы және алдағы дамуы мен өркендеуінің тыңғылықты түрде әзірленген жоспары деуге негіз бар. Онда қол жеткізген жетістіктеріміз бен шешілуі тиіс мәселелердің бірде-бірі ұмыт қалмаған, қоғамды толғандырып жүрген жағдайлардың барлығының жөн-жобасы айқындалып, оларды оңтайлы шешудің жолдары көрсетілген. Президентіміз экономикамыздың барлық саласын қамти отырып, әр салада атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Соның ішінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша да біз өзімізге бекітілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз. 

Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Жұмыспен қамтылғандардың барлығы да бүгінгі таңда қоғам өміріне араласып, еліміздің өркендеуі жолында еңбек етуде. Осы «Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамтылған 8 мыңнан аса жастың 156-ы жас skills.enbek.kz/kk платформада талап етілетін дағдылары арқылы онлайн-оқытылды. Ал 129-ы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылса, 768 жас жастар практикасы бағдарламасы аясында жұмысқа жолданған. 1289-ы қоғамдық жұмысқа, 652-і алғашқы жұмыс орнына, 9-ы «Ұрпақтар келісім шарты» бойынша жұмысқа тартылған. Ал 3594-і business.enbek.kz/kk «Бастау Бизнес» жобасы аясында (онлайн платформасы арқылы) оқып сертификатқа ие болғандар. 47 адамға комиссияның қорытындысына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант берілсе, 1675 жас бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданған. 

- «Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамту шаралары жылбойы жалғасады. Шымкент қаласының жұмыс іздеуші жастары тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жұмыспен қамту орталықтарына қайырыла алады. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар алдағы уақытта да өз деңгейінде жүргізіле бермек, - дейді қала басшысы. 

Шымкент қаласында агроқұрылымдарды дамыту мақсатында 17 жоба жүзеге асырылуда
Шымкент қаласында егін шаруашылығы өнімін арттыруға көңіл бөлінуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу