Шымкент қаласында егін шаруашылығы өнімін арттыруға көңіл бөлінуде

Oinet.kz 10-06-2023 161

Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде биыл 26,4 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Атап айтсақ, дәнді дақылдар – 10,9, майлы дақылдар – 3,4, көкөніс пен бақша дақылдары – 2,7, картоп – 0,4,  мал азығы дақылдар – 9 мың гектар алқапқа жетіп отыр. Биыл бұл егіс алқаптарынан 87,1 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. 

Screenshot_13.jpg

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, биыл өнімділікті арттыру мақсатында, егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауларға жергілікті бюджеттен 143 миллион 226 мың теңге қаралыпты. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін, бұл – стратегиялық міндет екенін атап өтіп, саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берген болатын. Қазір сол бағыттарды басшылыққа алып жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржыландыру мәселесі де табысты жүзеге асырылуда. Мәселен, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін диқандарға жеңілдетілген бағамен 500 тонна  жанар жағармай беру көзделген еді. Қазіргі таңда операторлар мұнай өңдеуші зауыттан тиісті жанар-жағармай алып, оның 360 тоннасын шаруалардың қажеттіліктеріне байланысты үлестірді, - дейді басқарма басшысы. 

Егіс алқаптарының өнімділігін арттыру мақсатында агроқұрылымдар тыңайтқышпен, тұқыммен және басқа да препаратармен қамтылған. Атап айтсақ, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 122 миллион 146 мың, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 миллион 480 мың, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 600 мың теңге қаралған.

- Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән берілуде. Көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес аяқталды. Енді жасыл орақ науқанына шаруалар кірісіп кетті. Жалпы агроқұрылымдарды несиелендіру бағытында да қолға алынған жұмыстар бар. Мәселен, «Ұлттық жоба» аясында жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілуде. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында 17 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар билік тарапынан қолдау тауып, ол жобаларды жүзеге асыру үшін 428 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында жүзге жуық жұмыс орынын ашу көзделіп отыр, - дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.  

Шымкент қаласында жастарды жұмыспен қамту шаралары жалғасуын табуда
Шымкент қаласында табиғи газбен елдімекендерді қамту жұмыстары жалғасын табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу