Шымкент қаласында табиғи газбен елдімекендерді қамту жұмыстары жалғасын табуда

Oinet.kz 11-06-2023 166

Шымкент қаласында газдандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, бүгінгі таңда қала аумағындағы 7251 шақырым газ желілерінің 14 пайызы тозған. Былтыр жаңғырту бағдарламасы аясында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы  тарапынан 76 шақырымды құрайтын газ құбырын жаңарту жұмыстары басталған.

Screenshot_14.jpg

Биылғы шілде айына дейін 51 шақырым газ құбыры қалпына келтіріледі деп жоспарлануда.  

Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Мемлекет басшысы Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы осының айнымас айғағы. Президентіміз Жолдауында алдымызға үлкен мақсаттар қойып, бағытымызды айқындап беріп отыр. Бұл еліміздің орнықты дамуының, халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі арттыра түседі деген зор сенім ұялатады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарының бірі халықтың жайлылығын қамтамасыз ету. Соның бірі – халықты көгілдір отынмен қамту. Жалпы елімізде газ өндіру тәуелсіздік жылдарында 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты. Президентіміз өзінің халыққа арнаған жолдауларында бұл іс әрі қарайда өсе түсетіндігін алға тартып отыр. Қазір қала тұрғындардың тоқсаннан аса пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Оның көлемін ұлғайту жұмыстары да өңірде жалғасын табуда, - дейді қала әкімі. 

Шымкент қаласында биылғы жыл қорытындысымен Сәуле, Ақтас шағынаудандарында екі магистральды желінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ биыл Ақтас, Ақтас1, Нұршуақ, Ақжар, Арғымақ, Тұран шағынаудандарында 10 мыңнан астам абонент көгілдір газ желісіне қосылады. Бүгінде тағы 8 елдімекенді газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде екен. 

- Бүгінде экологиялық мәселелер өте маңызды екені белгілі. Мысалы, газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады. Мұның өзі Шымкенттің экологиясын қандай үлес қосатынын өздеріңіз-ақ бағамдай беріңіздер. Шындығына келсек, соңғы жылдары климаттың күрт өзгергенін байқауға болады. Оның себебі табиғатқа антропогендік жағдайлар әсер етіп жатыр. Табиғи газ – бұл көмір сутектерден тұратын ең экологиялық таза отын. Ал Қазақстанды газдандыру жұмыстары, соның ішінде жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге де оң септігін тигізбек. Сондықтан Президенттің бастамалары біз үшін тікелей көрсеткіш қана емес, сонымен бірге ондаған жылдарға арналған жаһандық жоспар болып табылады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында егін шаруашылығы өнімін арттыруға көңіл бөлінуде
Шымкент қаласында жол сапасы бақылауға алынған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу