Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 600-ден астам азамат тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады

Oinet.kz 04-06-2023 157

Шымкент қаласы Мемлекет басшысының шешімімен мегополист санатына өткелі еліміздегі ірі алпауыт компаниялар тарапынан қаланың тұрғын үй нарығына қызығушылықтары артқан. Бұл бір жағынан қаланың сәулеттік көркін жақсартса, екінші жағынан тұрғын үйдің сапасына оңды әсер етуде.

Screenshot_9.jpg

Дегенмен мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар. Шаһар басшылығының шешімімен аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданған.  

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынып, жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Жалпы соңғы бес жыл көлемінде Шымкент қаласында 3 миллион 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салыныпты. Оның 2 миллион шаршыметірі соңғы екі жыл көлемінде беріліпті. Дегенмен қалада тұрғын үй жалдап тұрып жатқан азаматтар саны көп. Билік тарапынан олардың жалдау ақысының 50 пайызын сусидиялау қаралған. 

- Бүгінгі таңда қалада 659 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады. Оның ішінде биыл 322 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидияланған. Ал өткен жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы соммасы 30 155 764 теңгені құрады. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған  І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар,  көп балалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда (1) ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспауы тиіс, - дейді ол. 

Бір атап өтерлігі, субсидия алуға өтініш берушілердің депозиттік шоты болуы қажет. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады. «Ел азаматтары өз өтінімдерін жылдам әрі кезек күтпей берулері үшін барлық процестер онлайн режимде ұйымдастырылған. Өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы otbasybank.kz порталында «Жалдау ақысын субсидиялау» бөлімінде беріледі. 

Халықтың белгілі бір әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаға сәйкес «Отбасы банкі» тарапынан субсидия ай сайын төленетін болады. Шартты мерзімінен бұрын бұзуға және басқа жалға берушімен жаңа келісімшарт жасасуға болады. Бұл жағдайда өтініш беру процесі қайтадан басталады. Сонымен бірге төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп, жыл сайын субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді», дейді қала әкімі.

«Бозарық» индустриалды аймағында 30 инвестициялық жоба іске асырылмақ
Шымкент қаласында дүкендерге қойылған тауардың 70 пайызы отандық өнім өндірушілердің тауары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу