Шымкент қаласында кәсіпкерлерге жеңілдіктер де қаралған

Oinet.kz 20-06-2023 419

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 17,9 миллиард теңге бөлініп, жыл басынан 3 176  жобаға 7,9 миллиард теңгенің қолдауы көрсетілген.

Screenshot_11.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Біздің алдыға қойып отырған жоспарларымыз ауқымды. Барлығы да қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Президентіміз Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту. Бүгінгі таңдағы жұмыс барысы да осы бағытта құрылып отыр, - дейді қала әкімі. 

 Бүгінгі таңда «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық  кәсіпкерге, оның ішінде жыл басынан 5 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілер саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артқан.  

- Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулардан бөлек, қаламызда «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында 1,4 миллиард теңге бөлініп, жыл басынан 153 жобаға 412 миллион теңгеге қолдау көрсетілді. Бұл ретте, жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін бір пайыздық мөлшермен 10 миллион теңгеге дейін несиелендіру қаралған. Одан басқа бағдарлама аясында кәсіпкерлерге өндіріске бағытталған жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған, атап айтқанда 2 пайыздық мөлшермен 50 миллион теңгеге дейін несиелер алуға болады. Сондай-ақ іс-шара аясында өнеркәсіптік парктерде үш жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын кәспорындардың жалдау ақысының шығындары өтеледі. Бірінші жылы 75 пайыз, екінші жыл 50 пайыз, 3-ші жыл 25 пайыз қаралған, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында дүкендерге қойылған тауардың 70 пайызы отандық өнім өндірушілердің тауары
Шымкент қаласында өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу