Шымкент қаласында өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асқан

Oinet.kz 05-06-2023 149

Шымкент қаласында соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 миллиард теңгеден 937 миллиард теңгеге жетіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өскен. Сонымен қатар қалаға 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 миллиард теңгеден 613 миллиард теңгеге жеткен.

Screenshot_12.jpg

Макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар. Ағымдағы жылдың 5 айында инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан.

- Бүгінгі таңда қалада индустриалық өндіріс аймағы даму жолына түсті. Қазір қалада жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын  5 өндірістік алаң жұмыс істеуде. Онда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрылып, 358 миллиард теңгеге 337 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінге қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты. Өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты,  жаңадан 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аумақтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл аумақтарда 400 миллиард теңгені құрайтын 284 инвестициялық жоба іске асырылуда. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орындары құрылатын болады. Жаңадан құрылатын аумақтардың екеуі қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту болса, үшеуі жаңадан құрылатын алаңдар. Оның ішінде жаңадан құрылатын «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашу көзделген. Бұдан бөлек, 200 миллиард теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланыпты.  

- Бүгінде аталған аймақта инвестициялық құны 147 миллиард теңге құрайтын, 42 жобаны іске асыру жұмыстарын бастап кеттік. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 7 миллиард теңге құрайтын, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде. Сонымен бірге, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту мақсатында, аумағы 132 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, 21 жобаға 23 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1800-ден астам жұмыс орны ашылатын болады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталығын кеңейте отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін өңірлік-Хаб құру жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2027 жылдарға жоспарланған. Аталған аймақта 47 миллиард теңгеге  23 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аумағы 119 гектарды құрайтын жаңадан «Стандарт» жеке индустриялық аймағы құрылуда.

Бұл аймаққа 30 миллиард теңге инвестиция тартылып, 150 жобаны іске асыру арқылы, 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 14 жоба іске асырылып, 14 миллиард теңге инвестиция тартылатын болады, - деп алдағы жоспарымен де бөліскен болатын қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласында кәсіпкерлерге жеңілдіктер де қаралған
Шымкент қаласында әлеуметтік саланың әлеуеті артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу