Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бас қосты

Oinet.kz 31-07-2023 139

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің «Дала күні» семинары ұйымдастырылды. Онда қала шаруа қожалықтарының жетекшілері мен диқандар қауымы бас қосып егінжай төңірегінде сөз қозғады.

Screenshot_25.jpg

Жалпы онда көтерілген мәселенің бірі – бір алқаптан жылына қалай екі-үш өнім алу, үй іргесіндегі жер телімін пайдалану жайы қозғалды.  

Семинарға қатысқан ауыл шаруашылығы құрылымдары өз өнімдерін көрмеге шығарған. Көрмеден олардың қолданып жүрген ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыштар, сан түрлі техника, көкөніс пен бақша өнімдері, сонымен қатар суару құрылғылары орналастырылған. Сонымен қатар ол көрмеден, сүт, ет өнімдерімен қатар  ішкі нарық пен көрші елдерге экспортталып отырған отандық өнімдердің түр-түрі қойылған. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алдымен көрмені аралап, отандық өндірушілердің тауарымен танысты. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының шығарып отырған өніміне жоғары баға берді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, мал мен егін шаруашылығын дамытуды тапсырып отыр. Жалпы бүгінгі таңда қала аумағында 81 елді мекенде 3314 шаруа қожалық, 86 ауыл шаруашылығы кооператив, оларда 157 мыңға жуық мал, сонымен қатар 50-ге жуық түрлі қайта өңдеуші кәсіпорын бар.  Мұндай жобалар – үй іргесіндегі бос жатқан жерлерді тиімді пайдаланып, кластерлі жобаларды жүзеге асыру арқылы қала тұрғындарының табыстарын арттыруға және өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектесу болып табылады. Сондай-ақ өңірлік деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу, қала халқын табиғи өнімдермен үздіксіз қамтамасыз ету және қосымша жұмыс орындарын ашу көзделуде. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып, қазіргі таңда инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Семинар барысында шаруа қожалық жетекшілері өзара пікір алмасып, ғалымдардың зеріттеулеріне құлақ қойды. Онда Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің ғалымдары жасыл салатқа қажетті көкөністі конвейрлік өсіру технологиясымен бөлісті. Бұдан бөлек, мамандар биогомусты тиімді пайдалану, көкөністі өсіру агротехникасы, тамшылатып суарудың тың тәсілдері жайында баяндама жасады. 

Шымкент қаласында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, оған 15 кәсіпорын қатысты
Шымкент қаласында тағы бір ауыз су сору магистралын салу жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу