Филология. Реферат. «Қилы заман» романындағы дерек және дәйек

Oinet.kz 09-09-2020 798

1916 жыл уақиғалары – М. Әуезовтің көз алдында өткен қасіретті тарих. Ел ағалары мен атаәжелердің соғыс аталатын сұмдыққа перзенттерін жібергісі келмеген қиналыстары мен уайымқайғыға толы кейіптері қаламгердің рухани әлемінде өшпестей із қалдырған. Тығырықтан шығар жол іздеген қазақтың жанталастарын, ел ішіндегі барша әңгімелерді құлағымен естіп, ақылға симайтын түрлі әрекеттерді көзімен көрді. М. Әуезовті қазақ-қырғыз тәрiздi момын халықтарды майдан жұмыстарына баруға көндiруден гөрi қыруға бағытталған Ресей үкiметiнiң өркениетті ел әрекетіне жатпайтын жыртқыш әрекеттері шошындырады. Ашынған. Отаршыл елдің сұрқия саясаты әшкерелеу тiлегi оянған. Алайда адамзат санасына жат бұл саясатты қаз-қалпында жазудың мүмкін еместігі да көріне бастаған кез. Соған қарамастан тағдырын тәуекелге байлап, бір шешімге бел буған. 1916 жыл уақиғалары туралы деректі-тарихи роман «Қилы заман» романы осылай дүниеге келген.

Кіріспе

М. Әуезов шығармашылығына байланысты әрбір маңызды дерек көпшілікке ұсынылуға тиіс. Әсіресе, жоғары мектептерде білім алу шы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы барша талапкерлерге жетуі керек. Өкінішке орай, бұл бағыттағы ресми ұмтылыстарды көре алмай келеміз. Біздің мақсатымыз қазіргі қолымызда бар деректерді пайдалана отыра қазақ елінің бостандық жолындағы күресінің шежіресі тәрізді «Қилы заман» романының жазылу тарихы мен қоғамдық санаға жолы туралы ойларымызды ортаға салу және осы мақсатты орындау жолындағы әріптестерімізге әдіснамалық көмек көрсету.

1916 жыл уақиғалары – М. Әуезовтің көз алдында өткен қасіретті тарих. Cоғыс атала тын сұмдыққа перзентттерін жібергісі келмеген қазақ елінің қиналыстары мен уайым-қайғыға толы кейіптері қаламгердің рухани әлемінде өшпестей із қалдырған. Тығырықтан шығар жол іздеген қазақтың жанталастарын,. ел ішіндегі барша әңгімелерді құлағымен естіп, ақылға симайтын түрлі әрекеттерді көзімен көрді

Материал жинау барысында М. Әуезов қазаққырғыз тәрiздi момын халықтарды көндiруден гөрi қыруға бағытталған Ресей үкiметiнiң түрлi құпия жарлықтарымен танысқан (Zhurtbayev, 1990).

Бұл материалдардың көбі кезінде қоғамдық санадан жасырын болса да ізденген зерттеушілер қолға түсіріп, ретіне орай, реми идеология мүмкіндек берген деңгейде, астарлай қолданды да. Қазір оларды оңай болмаса да табуға, пайдалануға болады. Бірақ, асығар емеспіз. Тек мерейтойлар қарсаңындағы «дәстүрлі» дүрмектерге қосылып қимылдаған боламыз.

Мына мақалада 1916 жыл уақиғаларына байланысты баспа беттерінде жариялана бастаған соңғы деректер де көрсетіледі. Әсіресе, Ресей жазалаушы әскерлері тарапынан зорлық-зомбылық көрген елдің ешқандай тексеру, тергеу, сот көрмей-ақ атылуы. Өлген адамдар саны мен шет жерлерге қашқандардың аз кем деректері сақалған. Әрі бұл материалдар тек қолымызға түскендері ғана. Қалып жатқандары қаншама? М. Әуезов 16 жыл уақиғалары туралы сан-алуан әңгімелерді енжар естуші ғана болған жоқ. Бұл уақиғалардың барша зардабын, қанжоса қираған ауылдарды, ешбер себепсіз атылған адамдарды көзімен көрген жандардың жан айқайын естіген, сондықтан да қаламгер бейтарап қала алмаған.

Патшаның «июнь жарығына» қарсы көтерілдің деп қазақты қырғынға ұшыратқан Ресей отаршылырының сұмдық әрекеті қаламгердің шығармашылық жоспарын өзгертеді. Енді болашақ классик жазушы Қарақара жәрмеңкесінен басталған қазақ елі басындағы қасіретті жазу үшін Жетісуға бет алады. Классик жазушы деп отырғанымыз «Қилы заман» романын жазу үстінде М. Әуезов болашақ тарихи шығармаларында аса шеберлікпен қолданатын әдіснамалық тәсілдерінің негізін қалайды. Ол – көркем мазмүнды деректер арнасында ғана бейнелеу және одан негізсіз, қиял қуалай алыстамау. Бұған дейінгі шығармаларында қолданыла бастаған бұл тәсіл кейінгі туындыларында ірі ізденістер іргетасына ұласады.

Негізгі бағыт – қаламгер қолданған тәсілдер

Романды – «Қилы заманды» жазуға С. Садуақасов екеуінің арасындағы әңгіме тікелей әсер еткендей. 1926 жылғы жаз айларының алғашқы күндерінде елге келе жатқан М. Әуезов Қызылорда қаласына тоқтайды. Сонда Қазақстан автономиялы республикасы Халық ағарту комиссары (министр дәрежесінде) С. Садуақасұлымен кездеседі. Ел жаңалықтарына қатысты әңгіме 16 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің он жылдығына арнап мақала жазу туралы мерзімді баспасөз бетіндегі хабарламаларға ауысады. С. Садуақасұлы М. Әуезовке 16 жыл уақиғаларына байланысты,әсіресе, Қарқара жәрмеңкесіне. қатысты өзі білетін деректі мәліметтерді айтады. Адамзат өркениеттің ешбір заң қағидаларына сыймайтын патшалық Ресей отаршылырының сұмдықтары туралы бұл мәліметтер

С. Садуақаұлының назары ерте аударған тәрізді. 1920 жылдарда жазылған «Мінез» атты шығармасында да 16 жылғы уақиғалар қамтылады (әңгіме аяқталмағандықтан болуы керек. жарияланбаған), осы тақырыпқа 1922 жылы тағы оралып «Сәрсенбек» атты роман жазған. (Saduakasuly, 2003: 17) Осыған қарағанда бүл тақырып С. Садуақасұлының болашық шығармашылық ойларымен байланысты болса керек. Өкінішке орай, көлемді бұл шығарма да аяқталмай қалған. Сірә, қаламгердің идеологиямен қабаттас жауапты жұмыстары әрі тақырыптың саяси сипаты. қиындығы материалдардың толық болмауы жазушының қолын байласа керек.

С. Садуақасов екеуінің арасында болған әңгімелер М. Әуезовке ерекше әсер ететіндей. Ресей отаршылырының 1916 жылғы сұмдықтарынан жаны түршігеді. Шошынған. Ашынған. Отаршыл елдің сұрқия саясаты әшкерелеу тiлегi оянған.

Алайда бұл сұмдықтарды қаз-қалпында жазудың мүмкін еместігі да көріне бастаған кез. Соған қарамастан тағдырын тәуекелге байлап, бір шешімге бел буған.

Еш жазығы жоқ қарусыз елді тергеусіз, сотсыз қырғынға ұшыратқан патша үкіметінің әрекеті қаламгерді шошындырады Бойды буған сезiмнiң шарпуы да, арнасы да тым асау болған тәрізді. Қаламгер ойын осыдан кейін бір-ақ мақсат билейді. Өркениет түгіл қалыпты адам атаулының қарапайым ойына мүлде жат бұл сұмдық туралы жазу.

Бірақ, «Бiздiкi – жөннен» басқаға мiз бақпайтын қызыл көз үкiметтiң тасыраң мiнезiн қаламгер осыған дейін байқап та үлгерген (Ahmetov, 2004: 134-135).

Патшаның «июнь жарығына» қарсы көтерілдің деп қазақты қырғынға ұшыратқан Ресей отаршылырының сұмдық әрекеті қаламгердің шығармашылық жоспарын өзгертеді. Енді болашақ классик жазушы Қарақара жәрмеңкесінен басталған қазақ елі басындағы қасіретті жазу үшін Жетісуға бет алады. Классик жазушы деп отырғанымыз «Қилы заман» романын жазу үстінде М. Әуезов болашақ тарихи шығармаларында аса шеберлікпен қолданатын әдіснамалық тәсілдерінің негізін қалайды. Ол – көркем мазмүнды деректер арнасында ғана бейнелеу және одан негізсіз, қиял қуалай алыстамау. Бұған дейінгі шығармаларында қолданыла бастаған бұл тәсіл кейінгі туындыларында ірі ізденістер іргетасына ұласады.

Қаламгер бұлтартпас деректерге сүйене жазуды ойластырды. Қазақ даласында өртше қаулаған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихы парша үкіметінің «Июнь жарлығынан» басталғанмен оның себептерi әрiден көріне бастаған`(Zhansugyrov, 2001: 100-102). Отызға ендi толар толмас жастағы М. Әуезовтiң осы тарихтықазаашыпбейнелеугеұмтылуықаламгерге әсер еткен сыртқы себептердің қуатын ғана емес, перзенттік парызын қаншалықты терең ұғатынын да байқатты.

«Қилы заман» тек қана 16 жыл уақиғаларына байланысты шығарма емес. Романда Реейдің таңдаулы оқу орнында есейген шағында оқыған қаламгердің әлемдік өркениет, адам қоғамы, хұқығы, отарлаушы жәна отар елдер туралы қалыптасқан көзқарастары бар. Көммунистік идеологияның ақ жіппен тігілген қисынсыз қағидаларын анық ұққан кезі.

Бұл романға жетекші болған идеяларды бейнелеу үшін қаламгерге тірек болатындай бұлтартпас деректер қажет еді.

Сондықтан қаламгер дерек жинау ұшін Алматыға келді.Бұл мақсатын сол жылдардағы газеттерде жариялайды. Суреткер сол күндердi бастан кешкен әр адаммен сөйлесу үшін Қарқара жәрмеңкесіне барды. Сұмдықтардың ортасында болған адамдардың жұзіне, жүрегіне үңілді. Уақиғалар өткен жерлерді көрді, уақыт тынысын іздейді.. (Bisengali, 2010: 164-176)

Бұл көріністерді романның алғашқы бетінен бастап кездестіруге болады. «Астау дай көк жазыққа иректеп шимай салып, үлкен Қарқараның мөлдір сулы мол өзені ағады. Ол мың сан жан иесін шөлдетіп, тарықтырып, шалыдтырып көрген емес.

Жазықтың орта кезінде қара құрттай қайнаған жәрмеңке сол өзеннің жағасында. Базар ортасында ұзын биік ағашқа аспандатып көтерген ақ жалауда екі басты самұрықтың суреті желкілдейтін. Бұл қомағай қарынды, жалмауыз тілекті ертегі обырының айқын тұрған белгісі еді. Обырды туғызған ана – жалмау ыз түсті ұлық. Соның айқын таңбасы – ертегі айдаһарындай екі басты, жайын түсті самұрық» (Ayezov, 1979) `(Шығармадан үзiндiлер осы басылым бойынша берiледi. – Б. З.).

Бұл – арада ондаған жылдар өткен соң қаламгер қиялымен салынған сол суреті. Төңірек, табиғат бір қарағанда өзгермеген тәрізді, бірақ уақыт ше? Ол басқа ғой. Қаламгер тұнып қалғандай кеңістіктен сол уақыттардың тынысын сезгендей. Сол жылдарда бәрі тап ссондай болғандығына оқырмен күмәнданбайды.

М. Әуезов ауыр уақиғалардың тарихына, халық трагедиясына өз дүниетанымы мен жүрегi жетегiнде талдау жасайды. Суреткер мақсаты сұмдық уақиғаларды қаз-қалпында баяндау емес тәрізді. Тiптi солай жоспарласа да ол жолмен жүре алмады. Өйткені гуманистiк көзқарастағы адам санасына салмақ салар сұмдық уақиғалар тарихы обьективтi, бейтарап баяндауға бой бермей қаламгердi кейде ашу, ыза иiрiмдерiне салады.

М. Әуезов мақсаты адам атаулыға жат пиғылды мемлекет саясатына айналдырған Ресей империясының, патша үкiметiнiң, сұр қия әрекетiн әшкерелеу еді. Сол үшін халық басына күн туғанда қазақ елiндегі түрлi әлеуметтiк топтардың: ел ағаларының, қоғам қайраткерлерiнiң, би-шешен, батыр, бай, болыс, көнекөз қариялар мен жастардың ой-әрекетiн, ісқимылын суреттейді. Қаламгер мақсаты болған уақиғаларды қаз-қалпында баяндаумен орындала ма. Оны бірден байқаған автор негізгі ойларын көркем мазмұнға, бейнеге көшiре суреттеуге көшеді.

«Қилы заман» романы жарияланған уақыттағы саяси ахуал – қатерлi. Таптық, партиялық принциптердi қағидаға айналдырған ресми идеологиядан келетiн қауiптi М. Әуезов бірден бiлдi. Байшыл, ұлтшыл т.б. «шылдардың» кесiрiн де, кесапатын да көре бастаған. Мына роман өткен күндердiң қызық тарихы болмаса, жетiмжесiрлер тағдыры, жаңа қазақтар тiрлiгi де емес Роман объектiсi – Ресей империясының тұтас халықтарды қырып-жоюға бағытталған мемлекеттiк ресми саясаты. Қаламгер тәуекелге барды. Бұл саяси ахуалды дәл бағалап, күш-қайратын мұқият есептеген талантты тұлғаның туған халқы алдындағы перзенттік парызы болатын.

М. Әуезов коммунистiк идеологияның патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кезендерiн мерекеге айналдырған «қызыл даталарын» пайдаланып, өзiне ғана мәлiм, өзi ғана айта алатын ойларды айтты. Бейнеге айналдыра жеткізбек болған. Романның алғашқы беттерінде бұл анық бейқалады. Бірақ, адамзатқа жат Ресей саясатын тарихи дерек, мәлiметтердi пайдалана әшкерелеу М. Әуезовтiң азаматтық ерлiктерiнiң бiрi ғана.

«Қилы заман» тәрiздi шығарманы жариялау одан сәл кешiккенде мүлде мүмкiн болмас едi.

Роман соңында қалың Албан ортасында орналасқан жәрмеңкенi тастап Ақжелке бастаған казак-орыстар Жәркентке қашса, жәрмеңкенi өртеп, қазақтар да көшiп барады. Арты ерт, алды тұман. «Сонымен өмiр бойы дұшпан ниетiмен келген ескi жәрмеңке үлкен өрттiң құшағына кiрiп, қара түтiннiң астында тұншығып, бықсып, жоғалып бара жатқан шақта қалың Албанның елi де үдере көштi. Салқар-салқар болып, қайтқан қаздай тiзiлiп, ауа көшiп тарта бердi.

Артында қара түтiн болып жәрмеңке қалды. Иесiз болып қаңырап Алатаудың жайлауы қалды. Құлазып қыстау, қоңырсып жұрт қалды. Кiндiгiн кескiзiп, кiрiн жуған момындық күнi қалды. Албан албан болғалы қыстың жұтын, жаздың iндетiн көрсетпеген, жер кiндiгi – ата қоныс мекенi қалды» (Ayezov, 1979: 265).

Бұл 1916 жыл уақиғасының тарихи шындығы, жеткен сөресi емес. М.Әуезов таңдаған бiр гана көрiнiсi. Шындық елдiң таланғаны, дәулеттiң шашылғаны, халықтың қырылғаны. Роман да бүл да бар, алайда мүлде өзге жағдайда авторлық сезімдер орамындағы қабылдауға сай көрсетiледi.

Көркем шындық – қасіретті ауыр сезiмдерге суарылған, гуманистік философияға толы поэтикалық шындық. Астары бар толғамдарға иек сүйейтін ойарды бейнелейді. Поэтика арқылы берiлетiн iшке бүккен ойлар өрнегi. Бұл – автор әдейі қолданған сәтті тәсiл.

16-жыл уақиғасы С. Сейфуллиннiң «Тар жол, тайғақ кешу» (Seifullin, 1988), (Aimauytov, 1989) «Қартқожа» романдарында да бейнеленедi. Ол шығармаларда әскерге бала бермейміз деп қарсыласқан, қолдарына сойыл, найза, шоқпар алып атқа мінгендердің талайы мұздай қаруланған Ресей кәсіби әскерінің нысанасына айналады.

Қынадай қырылған адамдарды санағандар болды ма екен? Саналды деп жазылса да рес ми идеология сүзгісінен өткен, өздеріне қажет сандар ғана ұсынылады. Көтерілісшілер арасынан сайлаған хандардың талайын орыс жазалаушы әскерлері сотсыз, тергеусіз-ақ атып тастайды. (Seifullin, 1988: 36-37.) Тулай-тулай басылған, ту-талақай таланған, асылған-атылған, ақырында майданның «қара жұмысына» баруға амалсыз көнген ел тағдыры оқырманды бейтарап қалдырмайды. Бiрақ бұл Ресейден таяқ тастам жерде отырған елдiң күйi.

Ал Қытаймен көршi қонып, сауда-саттықпен айналысып жүрген Албан елiнiң жөнi басқа. Ол өзге де шындық, ойларға, өрiс бола алады. М.Әуезов осыны пайдаланады.

1932 жылы жарық көретiн «XX ғасырдағы қазақ әдебиетi» аталатын монографиясында С. Мұқанов (Mukanov S., 2008) 1916 жылғы ұлт-азаттық уақиғаларыңың қазақ әдебиетiнде жөндi көрiнiс таппауын ұлтшылдардың әрекетi болды деп көрсетедi. «Бiреулер бұл арада: Әуез ұлының «Қилы заман» деген әңгiмесiн, Аймауыт ұлының «Қартқожасын» 16 жылға арналған жоқ па дер.

Оған жауап мынау! Рас, олар 16-жылды жазды. Бiрақ 16-жылдың қаралы күнiнде жазған жоқ. Одан он жыл өткен соң жазды. Бұл бiр. Екiншiден, олар 16-жылды бертiнде жазғанда сол жылды байлардың кедей мен батрақтарға зорлығын тапшылдық түрде айқын көрсеткен жоқ, байшылдық түрде жазды. Олардың бұл жазғандарынан мақсат 16-жылдағы ауылда ашылған жiктi көрсету емес, патша үкiметiн перде қылғансып қазiргi қазақ жұртшылығында отырған қазақ еңбекшiлерiне 16-жылды суреттеп, орысты жаман көрсетiп, ұлтшылдық туғызу, қазаққа орысты ата жауы қып көрсету едi.» (Mukanov, 2008: 67]

1916-жылғы көтерiлiс кезiнде қазақ қаламгерлерiнiң үнсiз қалуы – идеялық дағдарыс жемiсi. Ағартушылық бейнелеу ұстанымы жақсы-жаманды айқындай айтуды, жол, жөн көрсетудi қажетсiнедi. Ендеше, С. Торайғыров, С. Көбеев, т.б. ағартушы-демократтар қилы заманға тап болған халыққа қандай ақыл айтуды бiлмедi. Қарулы көтерiлiске шақыру – қырылу, айтқанға көну-құлақ естiмеген жат нәрсе.

Бұл жерде өзге де бiрер факторларды ескерген жөн. А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов бастаған iрi қоғам қайраткерлерi – көтерiлiске шығу босқа қырылу екенiн ашық жазды. Майданға баруға кеңес бердi. Әрi осы майданға баратын жiгiттердiң қамын ойлап, нақты шараларды iске асырды.

Олардың адамдық праволарын қорғап, тиiстi құжаттар дайындады. С. Мұқановтың жоғарыда аталған кітабында осы көрнектi қайраткерлер әрекетiне байланысты аса маңызды мынандай деректер келтiрiлдi.

«Ақмола, Орал, Семей, Торғай – төрт облыс ақсақалдары 7 август күнi Орынборда жиылыс болды.

Жиылысты Орынбор губернаторы Эверсман ашты. Комиссия құрамына Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Алмасұлы кiрдi. Жиын 18 түрлi қаулы қабылдады. Олар:

  1. Жiгiт алу ретiнде Қазақстан екi жүйеге бөлiнсiн: Солтүстiктiң жiгiтi январьда, оңтүстiктiң жiгiтi мартта алынсын.

  2. Әуелi 19 жас пен 31 жастың арасындағы жiгiттердiң үштен бiрi ғана алынсын. Екеуi кейiнге қалдырыла тұрсын.

  3. Бастапқы кезектен қалғандар кейiнгi екi кезектiң қайсысына да жазылуға ерiктi.

  4. Бiр үйдегi жалғыз алынбасын.

  5. Жергiлiктi үкiмет қызметiне қалуға мүмкiндiк берiлсiн.

  6. Әрбiр ауылға бiр-бiр молда қалсын.

  7. Алынғандар орнына кiсi жалдап жiберуге ерiктi болсын.

  8. 50 үйге бiр мүғалiм қалсын.

  9. Медреседе, школда оқығандар алынбасын.

  10. Жiгiт дұрыс алу үшiн жаңадан тiзiм жасалсын.

  11. Жiгiт алынар кезде сайлау тоқтатылсын.

  12. Жiгiт алынатын комиссияда болыстан екi кiсi отырсын.

  13. Алынған жiгiттер 30-38-ден одақ болсын.

  14. Әрбiр 30 жiгiтке бiр молда сайлансын.

  15. Ауырғандарды қарайтын дәрiгер бекiтiлсiн.

  16. Киiм тасуға вагон берiлсiн.

  17. Себебi толықтарға демалыс берiлсiн.

  18. Осы қаулы үкiметке хабарландырылсын». Бұл қаулыда ел қамын ойлаған қоғам қайраткерлерiнiң әрекетi көрiнiп тұр. Алайда С. Мұқанов 16-жыл уақиғасы туралы да өзiнше, таптық идеология тұрғысынан жазады:

«16-жылдың уақиғасы ұлтшылдардың байшылдық пердесiнiң шетiн ең алғаш түрген уақиға. 20 ғасырдың басынан бастап қазақ байшылдарының сойылын соғып, бiрақ сол сойылды жалпы «қазақ» атынан соққан ұлтшылдар байшыл екенiн еңбекшi бүхараға 16 жылы ең алғаш көрсеттi. Жалпы қазақ емес, қазақтың байларын ғана басқаратындығын, еңбекшi бұқараның көтерiлiсiне олардың жүрегi жiбiмейтiндiгiн 16-жыл айқын дәлелдедi.

Ұлтшыл ақындардың қаламы байлардың мақсатына ғана қойылатынын, еңбекшi бұқараға түскен қиындықтың оларға бит шаққандай көрiнбейтiндiгiн де 1916 жыл көрсеттi. 16-жыл талай кедейдiң басына туған қара қанды қайғының ешқайсысы ұлтшыл ақынға тема бола алма ды. Сондықтан бiз 16-жылды ұлтшылдардың «қазақшылдығының» ең аяғы деймiз. Бұдан кейiн олар төңкерiске қарсы ашық байшылдыққа көштi» (Mukanov, 2008)

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа арнап көркем шығармалар жазу жиырмасын шы жылдар ортасында, осы уақиғалардың онжылдығы қарсаңында үдедi. Негiзгi мақсат, идея – момын елге қырғын ұйымдастырған патша үкiметiнiң қанқұйлы саясатын, жазалаушы әскерлер қаныпезерлiгiн, казак-орыстардың жауыздығын көрсету едi. Алайда осының өзiнде де, Совет үкiметiнiң ресми идеологиясы бұл тақырыпты көп қозғамауға тырысты. Сұмдыққа толы шындықты шыншылдықпен өткiр жазылған шығармалардан ұлттар арасындағы жаулаулықты қоздыру ниетiн, ұлтшылдықты көрiп бұл ұмтылысты барынша басып тастауға тырысты.

«Қилы заман» идеологиялық осындай саясатқа тап болды. Басқаша болуы да мұмкін емес еді.

Романдағы М. Әуезовтiң саяси-әлеуметтiк көзқарасы анық. Ол қазақ елi басындағы жайкүйдi сол халықтың ұлтжанды ұлы ретiнде ғана емес, гуманист ретiнде бейнелейдi. Романды жазған уақытта М. Әуезов қазақты қырғыннан сақтаған Октбярьдi де, одан кейiнгi елде болған өзгерiстердi де көзiмен кердi, бастан кештi. Романның бұл уақиғалардан кейiн жазылып, жарық көргенiн ескерер болсақ М. Әуезовтiң ол кезде де коммунистiк идеологияны қабылдай қоймағанын аңғару қиын емес. «Қилы заман» романында таптық, коммунистiк идеологияның iзi жоқ.

1923 жылдан бастап жарық көретiн «Тар жол, тайғақ кешу» мен «Қартқожа» (1926) романдарының бiрiнде коммунистiк идеология, саясат, үкiмет үшiн күрес, таптық көзқарас анық болса, екiншiсiнде де оның таңбасы айқын, «Қартқожа» романындағы Андрей образында ақыл үйретушi аға, коммунист бейнесiнiң сипаты аңғарылса, «Тар жол, тайғақ кешу» романында да бұл мақсат көрiнiп тұр.

Сондықтан М. Әуезовтiң жиырмасыншы жылдардағы саяси-әлеуметтiк көзқарасын қалыптаса қоймады деген пiкiрлерге, бiр мезгiлдерде түрлi обьективтi-субьективтi се-бептерге байланысты айтылған пiкiрлерге, ойлана қарған жөн. Ол партиялық, таптық, маркстiк-лениндiк дүниетанымға жатпайтын өзге көзқарастарды есептемеген, ескермеген кездерде айтылған.

Ұлт азаттық көтерiлiс басында қазақ қоғамында беделi, салмағы бар, болыс, би, батырларының тұрғаны шындық. Олардың қилы заманға кез болған, қысылған халыққа жүрер жол таба алмай қиналу, толғануды бастан кешкендерi де жалған емес. Тарихи мәнi бар бұл уақиғаны кейiнгi идеолог-тарихшылар бұрмалады: «Қазақ феодалдары мен өткендi көксегендер. (реакционерлер) елдi өздерi билегiсi келiп ұлт-азаттық қозғалыс басына тұрды», т.б. осы тәрiздi қисындарды соқты.

Ел ағаларының сауда-саттық, ақша-заттық қатынастар да жоя алмаған дүниетанымын, қазақ елiнiң еркiндiгiн, алаңсыздау күндерiн аңсаған армандарын, әрекеттерiн М. Әуезов айқындай бейнелейдi. Ол қиял қанатында пайда болған нәрселер емес. Олардың осал тұстарын да ашып көрсетедi.

Бұл, шынында, трагедия болатын. М. Әуезов көтерiлiс басында болғандардың аңғал әреке тiн сынап отырған жоқ, қатерлi жолға бас

тiккен ерлiктерiн аңғартады. Ел ағаларының болашақ үшiн, өмiрдi тәуекелге байлағанын көрсетедi. Адамдық қалпын, ар намысын сақтай алғандарына сүйсiне, iш тарта жазады. Әсiресе ел басшылары характерiн бейнелеуде, даралауда монологтарды шебер пайдаланады.

«Қилы заманда» ел қамын ойлайтын қазақ елағаларының талай сөздері беріледі. Бiрi – көпті көрген көнекөз қария, би-шешен, екіншісі – талай айқасты бастан кешкен қарт батыр, ұшншісі – қазақ елi басындағы ел ағасы, болыс..., т.б.

Қаламгер олардың ой, парасатын даралай суреттейді. Сөздердiң төркiнiнен-ақ олардың мақсаты, ойы, сезiмi, мiнезi аңғарылады. Мәселен, талай дауда жол бастаған шешен Жәмеңке қазақтың өткенін, алаңсыздау күндерін аңыздай келе, мына заманның кесапат қылығын көрсетеді. Ел намысын қайрай сөйлейді. Әрекет қылар күннiң туғанын қиялай ескертедi.

Көргенi көп қария алдымен Албанның алаңсыз өткенiн айта келе жұрт күтiп отырған жайға ауысады: «Көп дұшпанның қастығы мен торуы айықпаса да, көп зәбiр келтiрсе де, соны де елемей келе жатқан ел бар едi. Ендi мына бүгiнгi күн мынадай кер заманға кездестiк. Қалың апат селге килiктiк. Баяғы өткен ата-бабаның абырой бағын бiзге берген жоқ. Олардың тұсында ел бұндай пәледен аман едi. Ендi сенi мен менiң заманымда Албан баласы мынаған кез болды, батыр! Өткелде түйенiң үлкенi таяқ жейдi... Айтсаң да айтпасаң да тұйыққа келiп қамалдың. Қолыңнан тартып шығаратын қайрат жоқ. Ұлық көр қылғанда бiзге көр қылады. Бiрақ бас амалдайтын күн емес. Бiр бiздiң амандығымыз кiмге тұлға болады? Қамалған елге бiз сөйлемесек кiм сөйлейдi? Ендi ойдағыны айт, батыр!...»

Ұзақ батыр сөздерінде әрекетке, қарсыласуға шақырады.

Бiр қарағанда батыр адам мінезіне лайық сөз. Алайда Ұзақтың «бұл заманның бүгiн келмегенiн» айтуы, Ресеймен бодандыққа күмәнмен қару, ішкі байқатады. Кеудеде қордаланған ашуызаның кешелi-бүгiндi ғана тумаған үнемі есте болған тәрізді...

Кеулей енiп, билеп төстеп бара жатқан Отаршыл үкiметтің озбыр әрекетi жанға талай жара салған..

«Ұзақекiкөзiненшақпақотыжалтылдағандай болып, булыққан ашумен:

– Ел аман едi, жайлауы жарасып едi. Қарын шашы алынбап едi дейсiң. Қазақтың аяғына жем түсiп, ұлы бойына оқ тигенi бүгiн бе екен? Мойныңа бұғалықтың түскенi әлдеқашан емес пе едi? Бүгiн тұқыртып, бiржолата шөктiргелi қолы құлаққа келiп жабысып отыр. Баяғыдан қорыққанда неден қорқып, сиынғанда неден сақта деп сиынып едiң? Көптен торып, обырдай обып келiп ендi түгiңмен жалмағалы отырғаны осы. Бұл бүгiн емес, көптен пәле. Ендi жетер жерiңе жеттiк. Айтқаныңдай асау болсаң, ендi түяқ серпетiн шағыңа келдiң.

Абұйырдың ашылып, мол дәулеттiң ақтарылатын күн мiне ендi туды. Ел болар болсаң, ендi сiресiп, ұстасып көр. Шыдаймын деп ұстас. Мен айтсам соны айтам. Жоқ, олай емес болатын болса, әне ұлығың, бар да ұсына бер – дедi... Ұлыққа қай қылығым жағушы едi менiң?

Жер үстiнде жүрме, үнiңдi шығарма, қатын бол дейдi. Соның бәрiне бас ие берейiн бе?

«Басқа ұрса – өл, артқа ұрса – көн» – дейсiң ғой. Өлтiрейiн десе де жағаласпай, қол қусырып өл дейсiң ғой. Өйтетiн болсам, әкем Саурықтың аруағынан садаға кетсем болмай ма?».. Қорлық көрген көптi көрген батыр елдi сiресiп ұстасуға, шыдаймын деп ұстасуға шақырады. Қилы кезде арманын, көргенiн айтады: «Ақ патша тозтоз қылып әкетiп едi, құдайға шүкiр қартайған шағымда болса да, елдiң бiр әкенiң баласындай жамырасып табысқан күнiн бiр көрдiм»....

Серiкбай сөзiнде ұстамдылық, бәрінің артын ойлау басым. Қорқып үрейленiп түрған жоқ. Ойлағаны ел қамы. Ұлыққа қарсы сөйлеудiң қандай болатынын бiлетiн жан, Бүгін патшаға қарсы шыққанда ертеңiнiң не боларын белгісіз.

«.. – Көнемiн, бойсұнамындесе, ақылдасудың не керегi бар? Елдiң сiздерге сөзiн бергендегi iздегенi де қалың елдiң елдiгiн көрсететiн бiр жол тапсын дегенi ғой. Екi қария екеуiңнiң сөзiң де қалың көптiң тiлегiне, ыңғайна үйлескен сөз болды. Ер азамат бiздiң аузымыздан «бермеймiн» деген сөз шықса екен деп қана тiлейдi. Жә! Ол сөздi айттық. Бiрақ қалайша бермеймiз? Не айла iстеп жан бағамыз, сүйенерлiк, сүйкенерлiк кiм бар? Соған не айтасыңдар. Ұзақ өзiн қостаған сөзге емексiгендей болды. Тегiнде Серiкбайдың ерлiгi, кiсiлiгi бар деп бұрын да iштен жаратушы едi. Сондықтан жасының кiшiлiгiне қарамай, жолдас сияқты көрiп, өрбiр жайдан ақылдасып қоятын. Қазiрде де Серiкбай батырдың бетiн ұғып, ақылын мақұл көрген соң Ұзақ бүның сөзiне риза болып, бүрынғыдан гөрi шешiлiп сөйлеуге айналды. (Auezov, 1979: 133-134.)

М. Әуезов жәрмеңкенi өртегендi кек қайтқанның бiр түрi деп те ұққан Албан елi әрекетiн сүйсiне де, жаны аши да суреттейдi. Роман соңы туған жерiнен қиын уақытта белгiсiз ортаға бет алғандардың да, Ресей отаршыларының аузына қарауға әдеттенiп алған-

дардың да, елде қалғандардың да басына «Қилы заман» орнағанын тұспалдай көрсетiп отыр.

Сезімге толы сөйлемдер арасында, интертекстерде, Отар ел мен бостандығынан айрылған халықтың қилы тарихын болжаған қаламгердің толғамдары бой көрсетеді.«Албан албан болғалы қыстың жұтын, жаздың iндетiн көрсетпеген, жер кiндiгi – ата қоныс мекенi қалды. Тау таудың саласында иесiз шулап, қора-қора қой қалды. Тау толған арқар, бұғы, елiк, қарақүйрық, таутекедей жабайы жайын көршiлерi де қалды. Алдында белгiсiздiкке толған тұманды күндерi құшағын жайды. Артына нәлет айтып, алдына қарай жол тартты» – деген жолдардан бостандық үшiн ата қонысын да тастай көшкен ел тағдырына деген автор сезiмiн аңғармау мүмкiн емес. «Арты на нәлет айтып, алдарына қарай жол тартты» дегенде қаншалықты мән бар. Барар бағыты мен қонар жерi, болашағы беймәлiм болса да қорлық пен құлдыққа көнбей, тіпті қасиеттi ата-мекенiн де тастап белгiсiздiкке бет алған Албан қазақтарының әрекетін қаламгер қинала жазады. Олардың қаншама қасиеттiсiн қиса да бостандығын қимайтынын автор құптайтындай тебiрене жазады.

Лапылдаған сезімге толы көсемсөз емес, бірақ қуанышы мен алаңы, сүйсiнуi мен сыздауы қабаттасқан авторлық идея-эмоциялық баға. Қаламгер ой, идеясының ағыны арынды өзеннiң түзу арналарында байқалмай, бұлаңдарында ғана мінез көрсететін алапат иірімдердей сезiм құшағында сипатталған.. Кейде тынши қалған сыңай танытса да, кенет қуатын байқата аударыла сырғып айбын танытады.

Сонынмен,мақаланыталқылауқорытындысы төмендегідей жаңа ойларды анықтайды.

  • 1916 жыл уақиғалары – М. Әуезовтің көз алдында өткен қасіретті тарих. Және бұл уақиғалар қаламгердің рухани әлемінде өшпестей із қалдырған. Кейін кеңестік қытымыр идеология мүмкіндік берген деңгейде осы тақырыпқа оралып, талай шығармалар жазды. Мысалы: «Түнгі сарын» т.б.

  • Романды – «Қилы заманды» жазуға С. Садуақасов екеуінің арасындағы әңгіме тікелей әсер еткендей. 1926 жылғы жаз айлары ның алғашқы күндерінде елге келе жатқан М. Әуезов Қызылорда қаласына тоқтайды. Сонда Қазақстан автономиялы республикасы Халық ағарту комиссары (министр дәрежесінде) С. Садуақасұлымен кездеседі. Ел жаңалықтарына қатысты әңгіме 16 жылғы ұлтазаттық көтерілістің он жылдығына арнап мақала жазу туралы мерзімді баспасөз бетіндегі хабарламаларға ауысады. С. Садуақасұлы М. Әуезовке 16 жыл уақиғаларына байланысты, әсіресе, Қарқара жәрмеңкесіне. қатысты өзі білетін деректі мәліметтерді айтады. Адамзат өркениеттің ешбір заң қағидаларына сыймайтын патшалық Ресей отаршылырының сұмдықтары туралы бұл мәліметтер С. Садуақаұлының назары ерте аударған тәрізді. Сірә, қаламгердің идеологиямен қабаттас жауапты жұмыстары әрі тақырыптың саяси сипаты. қиындығы материалдардың толық болмауы жазушының қолын байласа керек...

С. Садуақасов екеуінің арасында болған әңгімелер М. Әуезовке ерекше әсер етеді. Ресей отаршылырының 1916 жылғы сұмдықтарынан жаны түршігеді.

  • М. Әуезов коммунистiк идеологияның патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кезендерiн мерекеге айналдырған «қызыл даталарын» пайдаланып, өзiне ғана мәлiм, өзi ғана айта алатын ойларды айтты. Бейнеге айналдыра жеткізбек болған.

  • «Қилы заман» романы жарияланған уақыттағы саяси ахуал – қатерлi. Таптық, партиялық принциптердi қағидаға айналдырған ресми идеологиядан келетiн қауiптi М. Әуезов бірден бiлдi. Байшыл, ұлтшыл т.б. «шылдардың» кесiрiн де, кесапатын да көре бастаған. Мына роман өткен күндердiң қызық тарихы болмаса, жетiм-жесiрлер тағдыры, жаңа қазақтар тiрлiгi де емес Роман объектiсi – Ресей империясының тұтас халықтарды қырып-жоюға бағытталған мемлекеттiк ресми саясаты. Қаламгер тәуекелге барды. Бұл саяси ахуалды дәл бағалап, күшқайратын мұқият есептеген талантты тұлғаның туған халқына арнаған ерлігі болатын.

  • Жалпы «Қилы заман» тәрiздi шығарманы жариялау сәл кешiккенде М.Әуезовке мүлде мүмкiн болмас едi.

  • Бұл романға жетекші болған идеяларды бейнелеу үшін қаламгерге тірек болатындай бұлтартпас деректер қажет еді.

Сондықтан қаламгер дерек жинау ұшін Алматыға келді. Бұл мақсатын сол жылдардағы газеттерде жариялайды. Суреткер сол күндердi бастан кешкен әр адаммен сөйлесу үшін Қарқара жәрмеңкесіне барды. Сұмдықтардың ортасында болған адамдардың жұзіне, жүрегіне үңілді. Уақиғалар өткен жерлерді көрді, уақыт тынысын іздейді..

Мына мақалада 1916 жыл уақиғаларына байланысты баспа беттерінде жариялана бастаған соңғы деректер де көрсетіледі. Әсіресе, Ресей жазалаушы әскерлері тарапынан зорлықзомбылық көрген елдің ешқандай тексеру, тергеу, сот көрмей-ақ атылуы. Өлген адамдар саны мен шет жерлерге қашқашқандардың аз кем деректері сақталған. Әрі бұл материалдар әзір қолымызға түскендері ғана.

Қорытынды

М. Әуезовтiң «Қилы заман» романындағы авторлық тенденцияны аңғармау мүмкiн емес. Бұл – нақты кейіпкер, адам әрекетіне, жеке уақиға болмаса салыстырма детальдарға арналған авторлық эмоция емес, Романдық көркем мазмұн мен басты идеяға қатынасты танымдық сезім тіректері. Ел басына қилы заман туғанда оның қасынан табылып, басына тұрған перзенттерiне деген сүйіспеншілік.

Олардың жарқын мұрат – бостандық үшiн өлiмнен де қорықпаған сәттерiн, қайыспаған кесек мiнездерiн тебiрене жазады. Қара басының қамынан аса алмаған бейшара пенделердi әшкерелейдi

Күрес жолында құрбан болған жандардың портреттiк бейнесiн жазу қазақ әдебиетiнде М. Әуезовтен басталады. Жарық дүние мен қоштасқан жанның ажал сәтi келгендегi тән азабы мен жан азабы, рухани әлемiнің байланысы оның бет ажарында сақталатындай. Сол арқылы оның өмiрiнiң бағасы берiлетiндей.

1927 жылы жазылып, 1928 жылы жарық көретiн «Қилы заман» романы қазақ әдебиетi тарихындағы профессионалдық деңгейде жазылған жаңа романдардың алғашқыларының бiрi болса да, тақырыптық, идеялық мазмұн, көркемдiгi бағытында үлкен орны бар iрi туынды еді. Бірақ, оған кеңнс үкіметі кезінде мән бермеуге тырысты. Орыс қазақ халықтары арасындағы жаулықты күшейтеді деген сылтаумен ұзақ уақыт, елу жылдай қоғамдық сана назарыннан жасырды..

Араға 90 жыл салып таяуда ғана бұл роман ағылшын тіліне аударылып әдем әдебиетінің қатарына қосылды (Ayezov, 2017). «Қилы заман» М. Әуезов талантының өлшеусiз сипатын ғана емес, оның адамдық, Азаматтық, перзенттiк ерлiгiн де көрсетедi.

 

Әдебиеттер

  1. Жұртбаев Т. Бейуақ. – Алматы. 1990. Садуақасұлы С. – 2 т. – Алматы, 2003.

  2. Ахметов З. Мұхтар Әуезов // Қазақ әдебиетінің тарихы. –10 т. – 8 т. – Алматы, 2004. – 134-135 б. Жансүгіров І. Жетісу. – Алматы. 2001. – 100-102 б.

  3. Бисенгали З.Қ. Қазақ прозысы. – Алматы, 2010. – 164-176 б. Әуезов М. 20 томдық шығ. жинағы. – 2 т. – Алматы, 1979. – 43 6. Сейфуллин С. 5-томдық таңдамалы шығ. – 5-т. – Алматы, 1988. Аймауытов Ж. Сочинения. – Алматы, 1989. – 560 б.

  4. Муканов С. Казахская литература ХХ в. – Алматы, 2008. – 384 с.

  5. Ауэзов М. Лихая година (Is a dashing year) – Ноттингем: Рассел пресс, 2017.

Филология. Реферат. Қорқыт ата өнегесі
Филология. Реферат. Шетелдегі қазақ баспасөзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу