«Подкаблучник» күйеуімнен шаршадым

Oinet.kz 31-10-2022 2291

Еркектің еркек, жігіттің жігіт секілді болғаны жақсы ғой. Бірақ қазіргі кезде қыз мінезді, әйелінің, не сүйген қызының айтқанына көнгіш, айтқанынан шықпайтын еркектердің тобы қоғамды басып барады.

Screenshot_5.jpg

Баяғыдай әйел адамды көзінің қарасымен-ақ ықтыратын, ашуы келсе айқай салып, бір ұрып қалатын «арыстан» мінезді еркектер сиреп кетті. Мұны неге айтып отырмын? Себеп – бар.

Менің күйеуімнің мінезі өте жұмсақ. «Жаным, өйте салайын ба, жаным, бүйте салайын ба», деп алды-артымды орағытып шауып жүргені. Қайда бара жатқанын, қайда отырғанына дейін телефон шалып «отчет» беріп жатқаны. «Барма десең бармай-ақ қояйын, қайт десең қайтайын» деп мүләйімситінін қайтерсің?!

Сонда үйде кім басшы, кім еркек деп ойланып қаласың.

«Жаным «Магнумда» тұр едім, үйге не керек, не алайын», деп дүкенде тұрып та звондайтыны бар. Күйеуімнің сондай ұсақ тірлігіне ыза болып кетіп, кейде: «әй, дүкенде нең бар. Еркек емессің бе. Үйге қайт, әйелдің ісіне араласпа. Қажет нәрсені өзім-ақ аламын ғой», деп бұрқ етемін.

Өйткені күйеуімнің тым қатынпатша болғанын қаламаймын. Ер адамның тірлігі өзгеше болуы керек емес пе?! Тіпті үйге қонақ келсе де, бір жерге қонаққа барсақ та, маған жалпақтап асты-үстіме түсіп отырғаны. Кім қалай ойлайды, Құдай біледі.

«Мына бейшараны, мына қатын әбден билеп алған екен, аяғының астына салып таптап тастаған екен. Ой сорлы» деп, біз жоқ жерде өсек айтылатын белгілі. Осыны күйеуіме талай ескерттім. Бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Күнделікті жұмыста отырған жерінен он рет звондап «отчет» беріп, алды-артыма кіріп кете жаздап жүргені.

Кеше фейсбукты ақтарып отырып, қазақтың белгілі қызы Ләззат Ахатованың мына бір жазбасын оқып қалдым. Ол әпкем былай депті:

«Ерлеріміз майдаланып бара жатқан сияқты. Кез-келген нәрсені әйелінің рұқсатымен жасайды. Баласы сияқты. (Менің ұлым да олай рұқсат сұрамас тіпті). Біреулері жүрген-тұрған жерлерінен әйелдеріне есеп береді де жатады. Үйіне қайтуға асығып жүргенін желіге жазып әлек. Олай жазбаса, үйіне кіруі қиын-ау деп қаласың. Біреулері көлік алуға әйелінен қалай рұқсат сұрағанын, оның әйелінен өткен керемет жан жоқ екенін жыл сайын желіде “жырлап” жатады… Құдай ақы, шынымды айтайын, өз басым ондай “подкаблучник” еркекпен тіл табысып, бірге тұра алмас едім. Рұқсат сұрап тұратын, маxаббаты лаулап тұрған ғашық кезінде, басынан солай билеп-төстеп алғанда, менің күйеуім де солай боп кетер еді-ау деп ойлаймын. “Сен еркексің, шешімді өзің қабылда, менімен ақылдассаң да, рұқсат сұрама, еркектік қасиетіңді жоғалтпа”, – деп айтам деп, Құдай ұрып қалды-ау. Өзіме де обал жоқ, ақырында игере алмай қалған жоқпын ба. “Ләззатжан, қанша ақылды десең де, күйеу дегенге контроль жасап тұрмаса болмайды, шырағым”, деуші еді қайын атам

Әрине, балаң сияқты әр қадамына “отчет” беріп отыратын күйеумен тұру — әйелдерге өте удобно… Бірақ ол еркектің ер-азамат секілді сөзі өтімді бола ма екен?

Еркек деген ер мінезді, қабағымен-ақ ықтыратын Еркек болу керек қой!».

Осы Ләззат әпкемнің жазбасын күйеуіме оқыттым. «Мен басқа, оның күйеуі басқа ғой» деп қарап тұр. «Ей сорлы ол басқа, сен басқада емес, мәселе еркектің еркек болып қалуында, еркектің қасиетінде», деп күйіп кеттім.

Сіздің де күйеуіңіз осындай ма?

Айару Сылқымбай

«Байың үйіңе қонбаған күні менің қасыма қонады» дейді
Өзін бала күнінен құлай сүйген жігіттің наласынан қорықпағаны қалай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу