Шымкент қаласында жылыту маусымын қыркүйекте аяқтау жоспарлануда

Oinet.kz 28-05-2023 304

Шымкент қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық қазірден басталып кетті. Қазақта «Жаз арбаңды қыс сайла, қыс арбаңды жаз сайла» демекші қысы қатал, жазы жайлы таулы өлкенің тұрғындары қыс айларына ерте бастан қамданатыны белгілі.

Screenshot_29.jpg

Биыл да қала жұртшылығы сол бір дәстүрден жаңылған жоқ. Әрі, оған ел ішіндегі «Биыл қыс қатты болады екен» деген қаңқу сөз де себеп болатыны сақтық шараларды ерте бастан дайындалатын жақсы үрдіс қалыптасқан. Десе де, қыс қыстығын жасамай қоймайды. Ал жылыту маусымына дайындықты қазірден қамданған маңызды. 

Жалпы қалада алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары қала әкімдігінде апта сайын қаралып, арнайы мониторинг жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мәселені өткен апарат кеңесінде тағы бір пысықтап алды. Онда орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің дайындықтары да назардан тыс қалмады. Көптеген бұл салаға қатысты өзекті мәселелер жиында талқыланып, оның шешу жолдары айтылды. 

Қазіргі таңда қала басшысының тапсырмасына сәйкес мониторинг кезінде анықталған  ескірген жүйелерді қалпына келтіру мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ магистралды жылу құбырларын қайта құру бойынша биыл екі жоба жүзеге асыру көзделген.  Атап айтсақ, бұл жұмыстар Гагарин, Абай, Громов, Гоголь, Адырбеков көшелерінде,  Нұрсәт тұрғын алабында жүргізілмек. 

- Жылудың сапалы болуы қазіргі дайындық жұмыстарына тікелей байланысты. Сондықтан іс-шара жоспарындағы міндеттемелердің мерзімінде, талапқа сай орындалуын өз бақылауыма алып отырмын. Жалпы бүгінгі адам үшін ең керегі жайлылық. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Назардан жылу жүйелері мен қазандықтардың дайындығы да тыс қалмаған. Жалпы жылу құбырларындағы сығымдау жұмыстарын шілдеде, жалпы, жылыту маусымына дайындықты қыркүйекке дейін толық аяқтау көзделіп отыр, - деді қала әкімі.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті сала басшыларына жылу қазандықтарының, сорғы стансаларының дайындығын қадағалап, бюджеттік нысандардың қатты, сұйық отынға қажеттілігін нақтылауды тапсырды. Бұл кешенді шаралар қаладағы қолданыстағы жүйелерді  жаңартып,  жылу сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні белгілі.

Шымкент қаласында электр генераторын шығаратын зауыт әлеуеті артуда
В Шымкенте запустят новый терминал аэропорта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу